Вице-министр газ зауытында болды
27.02.2014
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев газ зауытында болды.
Жұмысшы сапары барысында Мағзұм Мырзағалиев Әлібекмола кен орнындағы газды кешенді өңдеу қондырғысындағы жұмысшы процестермен танысты.
Газ дайында және өңдеу басқармасының бастығы Сергей Москаленко вице-министрді технологиялық жабдықпен таныстырып, ілеспе мұнай газын кәдеге жаратудың ерекшеліктеріне тоқталды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл нысан өнеркәсіптік пайдалануға ілеспе мұнай газын кәдеге жаратудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013 жылдың қазан айында берілген болатын.
Қондырғының өнімділігі жылына 420 млн.текшеметр және ол Әлібекмола мен Қожасай кен орындарындағы мұнай дайындау қондырғыларынан түсетін ілеспе мұнай газын кешенді өңдеуге арналған.
Іске қосылғаннан бері өңдеу зауытында 80 млн. текшеметрден астам тазартылған құрғақ газ, 4 мың тоннадан астам техникалық пропан-бутан қоспасы, 1 мың тонна тұрақталған газ конденсаты және 1 мың тоннадан астам техникалық (түйіршіктелген) күкірт шығарылды.
– Зауытттың іске қосылуы нәтижесінде ілеспе мұнай газын толық өңдеуге және кәдеге жаратуға, атмосфераға зиянды заттарды шығаруды қысқартуға, экологиялық жағдайды жақсартуға, халықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге байланысты қолайлы мүмкіншіліктер туындады, – деді өз сөзінде «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының Бас директоры Андрей Шейкин.
Жұмысшы сапары барысында Мағзұм Мырзағалиев сондай-ақ «Мұнайшы» вахталық кентінің жай-күйімен танысып, оң баға берді. Ол мұнай мен газды өндірумен, өңдеумен айналысатын қызметкерлер үшін жақсы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың жасалғандығын, сайып келгенде, мұны әлеуметтік жауапкершіліктің озат үлгісі деп атап өтті.
«Актюбинский Вестник» газеті
Ляззат ЕГИБАЕВА