Компания басшысы туралы

Союнов Нұрсейіт Джомартұлы

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директоры

Білімі:

– 2001 ж. Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша аяқтады.

– 2012 ж. мұнай-газ бизнесін басқару саласында магистр дәрежесін алды;

– 2013 ж. Іскерлік әкімшілендіру саласында «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Жұмыс тәжірибесі:

Өз қызметін 2001 жылы «Өзенмұнайгаз» ӨФ бастады, операторы, шебер, жетекші инженері, технолог, мұнай және газ өндіру бөлімінің бастығының орынбасары және бастығы болып жұмыс істеді;

2010 – 2015 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-да жетекші инженер, мұнай өндіру департаменті директордың орынбасары және директоры болып жұмыс істеді;

2015 жылдан 2016 жылға дейін «Круз» ЖШС директоры болып еңбек етті;

2016 – 2018 жылдары «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры қызметін атқарды;

2018 – 2019 жылдары «Орал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді;

2019 – 2023 жылдары «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарды;

2023 жылдың қаңтар айынан 2024 жылдың қаңтар айына дейін «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры болып қызмет етті.

2024 жылы 31 қаңтар – 21 тамыз – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды

22.08.2024 ж. бастап  «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.


Ван Цзяньнин (Wang Jianning)

Бас директордың бірінші орынбасары

Білімі:

2005 ж. Янцзы университетін, “Мұнай инженериясы” мамандығы бойынша аяқтады.;

2006 ж. Қытай мұнай университетінің “Мұнай инженериясы”мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды;

2008 ж. Губкина атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің «Теңіз бұрғылау» мамандығы бойынша магистрі дәрежесін алды;

2023 ж. CNPC мұнайды барлау және игеру ғылыми-зерттеу институты «Мұнай-газ ұңғымалық инженериясы» мамандығы бойынша доктор дәрежесін алды.

Жұмыс тәжірибесі:

2008 ж. Sinopec International Petroleum Exploration and Production Corporation (SIPC), Пекин, Қытай – инженердің көмекшісі;

2008- 2009 жылдары Sinopec International Petroleum Exploration and Production Corporation (SIPC), Сахалин, Ресей-инженердің көмекшісі;

2009 – 2010 жылдары Sinopec International Petroleum Exploration and Production Corporation (SIPC), Тринидад және Тобаго-инженердің көмекшісі;

2010 – 2012 жылдары Transocean Ltd. Джакарта, Индонезия – Инженер;

2012 – 2013 жылдары Sinopec International Petroleum Exploration and Production Corporation (SIPC), Сахалин, Ресей – супервайзер\ инженер;

2013 – 2014 жылдары Sinopec International Petroleum Exploration and Production Corporation (SIPC), Лагос, Нигерия – супервайзер\ инженер;

2014 – 2015 жылдары Sinopec International Petroleum Exploration and Production Corporation (SIPC), Сахалин, Ресей – супервайзер\ инженер;

2015 – 2018 жылдары Sinopec International Petroleum Exploration and Production Corporation (SIPC), Пекин, Қытай – супервайзер\аға инженер;

2018 – 2019 жылдары Қытай Ұлттық оффшорлық мұнай корпорациясы, Тяньцзинь, Қытай-супервайзер\аға инженер;

2019 – 2021 жылдары Fioc / CIR Алматы-менеджер;

2021 – 2023 жылдары “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС бұрғылау және ІҚМ бөлімі бастығының орынбасары;

2023 – 2024 жылдары “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, Бас директордың бірінші орынбасарының м. а.;

04.09.2024 жылдары бастап “Қазақойл Ақтөбе”ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.