Энергия тұтыну және энергия сақтау

Пайдаланылатын энергия қорларын оңтайландыру Компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Соның аясында Компания өндірістік процестердің энергия тиімділігінің артуына ерекше көңіл бөледі. Аталған бағыт бойынша шешімдерді жүзеге асырудың стратегиялық маңыздылығы Компания саясатында бекітілген.   

Компания алдында тұрған негізгі энергетикалық мақсаттар :

• тұрақты негізде қызметкерлерді кәсіпорынның энергия тиімділігі және тиімділікті насихаттау деңгейі туралы хабарландырып отыру;

• кәсіпорынның энергия сақтау және энергия тиімділігін арттыру саласында әлеуетін анықтау мақсатында кезеңдік энергетикалық зерттеулер өткізіп отыру.

• энергия талдау негізінде  пайдалану сипаты мен тұтынатын энергия санына сәйкес, энергия талдау негізінде энергия тиімділігінің көрсеткіштерін анықтау және бекіту;

• Тұрақты түрде мониторинг және Компанияның энергия тиімділігі деңгейін өлшеу, өзінің энергетикалық көрсеткіштерін жоспарлы түрде жақсарту бойынша инвестициялық, ұйымдық- техникалық және технологиялық шараларды жүзеге асыру  ;

 Біз Компанияда энергия тиімділігін арттыру және энергия қорларын пайдалануды оңтайландыру бойынша жұмыс жасаймыз. Энергетикалық мақсаттарға қол жекізу үшін Компанияда  ISO50001:2018. стандартының талаптарына сай сертификатталған энергия менеджменті жұмыс жасайды.