Тауар белгісі
07.04.2017
2017 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының 34-бабына сәйкес «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-інің тауар таңбасы 10 жылдық мерзімге тіркелгені туралы ресми бюллетеньді жариялаған. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС тауар таңбасы тіркеуінің әрекет ету мерзімі 10.02.2026 жылға дейін болады.
Тауар таңбасы – заңды тұлғалардың немесе жеке кәсіпкерлердің тауарларын дараландыру үшiн қызмет ететiн (сөздік, бейнелеу, құрамдастырылған немесе басқа) белгi. Заң жүзінде куәлікпен куәландырылған тауар таңбасына айрықша құқық танылады. Тауар таңбасының құқық иесі оны пайдалануға, иелік етуге және басқа тұлғалармен оның пайдалануына тыйым салуға құқылы.