Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу
19.04.2021
9 сәуірде “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен мемлекеттік басқару Академиясының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинар жұмысына ҚМГ басшылығы мен еншілес ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің парасаттылық Департаменті директорының орынбасары Нұрсұлтан Бекинов елімізде комплаенс-қызметтерді енгізу бойынша заңнамалық база құрылғанын, оларды дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленгенін атап өтті. Комплаенс-қызметтердің негізгі басымдықтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысын реттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау болуы тиіс.
Квазимемлекеттік сектор компанияларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет өткен жылдың соңынан бастап заңнамалық деңгейде енгізілгенін және корпоративтік адалдық стандарттарының (Әдеп кодексінің) сақталуын бақылауды көздейтінін атап өткен жөн.
Өз кезегінде ҚМГ құқықтық қамтамасыз ету Департаментінің директоры Мәлік Сәулебай ҚМГ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою бойынша бақылау функцияларын енгізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Бүгінгі таңда “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС-де 2021 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар Жоспарлары бекітілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мен бағалау жүргізіледі.
«Қазақойл Ақтөбе ” ЖШС Комплаенс қызметі