Студенттермен кездесу

10.05.2017

2017 жылдың 21 сәуірінде «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Жас Мамандар және Жас Қызметкерлер Кеңесі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Мемлекеттік университетінің мұнай факультетінің 2 курс студенттерімен  кездесу өткізді. Кездесу    «Сұрақ – жауап» әңгіме форматында өткізілді. 

Студенттер Компанияның қызметіне қатысты үлкен қызығушылық білдірді. Әртүрлі тақырыптар мен сұрақтар – мұнай өндіру саласы, мұнай өңдеу, химиялық талдаулар, мұнай бизнесі және тағы да басқа мәселелер  қызу талқыланды. ЖМ және ЖҚК  студенттердің сұрақтарына үлкен ынтамен жауап берді. Ақпараттарды ұсынудың аталған форматының өзектілігі сондай,  ЖМ және ЖҚК   3 курс студенттерімен кездесу үшін Университетке  2017 жылғы 24 сәуірге тағы да  шақырту алды .

Студенттермен кездесу алғыс сөздермен аяқталып, Қ.Жұбанов атындағы АМУ басшылығы атынан «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Жас Мамандар  және Жас Қызметкерлер Кеңесіне естелік сыйлықтар табысталды.