«Наурыз мейрамы»

07.04.2017

2017 жылдың 18 наурызында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС кәсіподақ комитеті мен әкімшілік бөлім бірлесіп Компанияның офисінде «Наурыз мейрамын» мерекелеуіне арналған мерекелік іс-шараларды ұйымдастырған.

Қызметкерлер офисте Наурыз көже мен бауырсақтардың дәмін татқан. Сонымен бірге, домбыра тартылып, өлендер айтылып, қазақ ұлттық ойындары мен жұмбақтармен көңілді мерекелік бағдарлама ұйымдастырылған. Қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар тапсырылды. 2017 жылдың 22 наурызында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті атындағы саябақта дәстүр ретінде «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-інің киіз үйі тігілген, соның ішінде Компанияның құрметті демалыстағы және Ақтөбе облысының ардаргерлері үшін мерекелік дастарқан жайылды. Сонымен қатар, киіз үйдің алдында қала азаматтары мен қонақтарының барлығы бауырсақтардың, Наурыз көженің және палаудың дәмін татқан.

Жас мамандар және жас жұмысшылар Кеңесімен киіз үйдің алдында ұлттық ойындар ұйымдастырылған. Қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар тапсырылды.

22 наурызда «Мұнайшы», «Қожасай» вахталық қалашықтар мен №4 алаңында «Наурыз мейрамы» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылған. Таңертеңнен бастап кен орындарындағы қызметкерлер бауырсақтар мен наурыз көженің дәмін татқан, кешке олар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылған.