«Мунайшыны» когалдандыру

31.05.2019

 2019 жылғы 16 мамырда «Қазақойл Ақтөбе»  ЖШС 20-жылдығын тойлау қарсыңында,  Компания басшылығымен «Мұнайшы» вахталық поселкесінде шыршалар мен көшеттер отырғызылды.

Бұған дейін Бүкіл қазақстандық орман отырғызу Күніне вахталық поселкенің аумағында 20 шырша, аққайың, емен көшеттері мен гүлдер отырғызылған болатын. 

Аталған шаралар  вахталық поселкені жасылдандыруға,  жұмыс ауысымынан кейін  қызметкерлер демалатын аумақты жақсартуға бағытталған. 

Вахталық поселкенің аумағында көп жылдардан бері аққайың, терек, қараағаш, сондай-ақ біздің аспаздарымыз шәйға тосап дайындайтын  қарақат өседі.