Мейірім мен құрмет күні

28.11.2011

29 қыркүйекте «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Компаниясы Қарттар күніне, мүгедектер күніне және Ұрпақтар сабақтастығы күніне арналған қайырымдылық акциясын өткізді. Акция аясында мүгедектердің ақтөбелік қоғамына, олардың қатарына Ұлы Отан соғысының мүгедектері, еңбек майданының ардагерлері, жергілікті соғыс ардагерлері кіреді, сондай-ақ Қазақ зағиптар қоғамының мүшелеріне, «Белая трость» қайырымдылық қорына азық-түлік пакеттері түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Акция мақсаты – қарттар мен мүгедектерге мейірімділік көрсету, аға ұрпақ өкілдерін құрметтеу және оларға жан-жақты моральдық қолдау жасау.