«ЛУКОЙЛ Оверсиз» президенті Андрей Кузяевтің ұжымның жалпы жиналысында қызметкерлердің қойған сұрақтарына жауаптары 14.07.2011

25.07.2011

– ЛУКОЙЛдың даму стратегиясында қандай жаңа бағыттар жоспарланған? «ЛУКОЙЛ Оверсиз» тарапынан 2012 жылы қандай жаңа жобалар және әлемнің қай елдерінде жүзеге асырылмақшы? Ал жуық арада «ЛУКОЙЛ Оверсиз» қандай жобаны қолға алмақшы?
– Компания алдағы жылдары өндіру мен геологиялық барлауға инвестицияларды едәуір мөлшерде арттырады. Жаңа жобаларды іздеу соңғы екі жылда геологиялық барлау саласымен шектеліп қалған-ды, дегенмен де, бүгін біз дәлелденген запастары бар активтерді сатып алу мүмкіншіліктерін қарастыруға әзірміз. Бірінші кезекте осы тұрғыдан бізді Батыс жартылай шары қызықтырып отыр.

– Болашақ іздеу-барлау жұмыстарының ұтырлы нүктелері қай өңірлерде орналасқан? 
– Батыс Африка, Жерорта теңізі аймағы, Таяу Шығыс.

– ConocoPhillips-тің ЛУКОЙЛдың акционерлік капиталынан шығуын ескерсек, онда бізге ірі халықаралық мұнай компаниясымен осында мәміле жасасу қажет пе өзі? Қажет болса, ол қандай негізде жүзеге асырылмақшы? 
– Қазіргі кезеңде ЛУКОЙЛ тек бір ғана партнермен емес, өңірлік немесе технологиялық көшбасшы болып табылатын көптеген компания топтарымен серіктестік қатынастарды дамытуға ниетті. 

– Жақында Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің отырысында ЛУКОЙЛ президенті В.Ю. Алекперов компанияның осы елдегі іс шаралары туралы сөз қозғады. Осыған орай ЛУКОЙЛ Құмкөл кен орны орналасқан өңірдегі өндіру саласына қатысуын кеңейте ме?
– Біз мұндай мүмкіншілікті қарастыру үстіндеміз. «Құмкөл» жобасы бойынша («Тургай Петролеум» ЖАҚ) орта мерзімді даму бағдарламасы әзірленген, онда, атап айтқанда, мұнай өндірудің төмендеуіне байланысты көрші лицензиялық учаскелерді сатып алу көзделген. Бағдарламаның басқа элементтері – геологиялық-техникалық шаралар жоспарын жүзеге асыру, мұнай жинау жүйесін модернизациялау, мұнай алу коэффициентін көтеру үшін шеткі және әлсіз дренажды аймақтардың запастарын әзірлеуге тарту, өндірілетін шикізаттың сулылығын тұрақтандыру және тарату құрылғысын реконструкциялау және үш газ турбиналы қондырғыны күрделі жөндеу жолымен кәсіпшіліктің энергиялық қамтылуын көтеру. 

– Батыс Курна-2 кәсіпшілігі ауданындағы елді мекендер мен тайпаларды әлеуметтік дамыту жөнінде қандай жоспар құрып отырсыздар?
– «Батыс Курна-2» жобасы бойынша 2012 жылдың аяғына дейін жоспарланған әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы бекітілді. Онда мектептер мен ауруханаларға көмектесу, спорт алаңдарын салу, мүгедектерді қолдау, ауыл шаруашылық өнімін өңдеуге байланысты жергілікті тұрғындарға кіші бізнесті дамытуға септесу көзделген. Бұған қоса компания келісм-шарттық аумақта тұратын халықты еңбеккке орналастыру проблемаларын шешуге үлкен көңіл бөледі. «ЛУКОЙЛ Мид-Ист Лтд.» операциялық компаниясының барлық мердігерлері жұмысқа қабылдауда жергілікті тұрғындарға басымдылық беруге міндетті. Ағымдағы жылдың 15 шілдесі күнгі жағдайға мердігер ұйымдарда қазірдің өзінде 900 жуық жергілікті тұрғында еңбек етеді. Бұған қоса тағы 300 адам оқыту және одан әрі компанияда орналастыру үшін іріктеліп алынған. Барлық кандидаттар келісім-шарттық аумаққа көршілес Мадейна округінің немесе провинция астанасы – Басра қаласының тұрғындары болып табылады. 

– «Түпқараған» жобасы бойынша қызметкерлер санының қысқартылуына байланысты компанияя қысқартылған мұнайшыларды еңбеккке орналастыруға көмектесе ме?
– Сөз жоқ, барлық қызметкерлерді компаниядағы бос орындарға орналастыру мүмкіншіліктері қаралатын болады. 

– Қызметкерлердің бонусы неге жеке негізгі көрсеткіштеріне (ҚНК) тәуелді емес, неге Компания қызметінің негізгі көрсеткіштеріне тәуелді? Егер де қызметкерлер жеке-дара көтермеленсе, компания бойынша жалпыкорпоративтік ҚНК қол жеткізу табыстырақ болмай ма?
– 2010 жылды бағалау қорытындылары бойынша барлық қызметкерлер үшін жеке міндеттер белгіленді, келесі қадам сол міндеттердің орындалуына орай бонустарды төлеу жүйесін енгізу. 

– 2011 жылы «ЛУКОЙЛ Узбекистан» лауазымдарын қайта бағалау жоспарланды ма?
– Жұмыс көлемінің артуы мен активтің өсуіне байланысты лауазымдарды қайта бағалау үстіміздегі жылдың 4 тоқсанына жоспарланған. 

– «ЛУКОЙЛ Узбекистанда» жалақыны индекстеу соңғы рет 2008 жылы жүргізілді. Іссапармен жіберілген қызметкерлердің жалақысын индестеу жоспарлана ма? 
– Биылғы жылы қызметкерлердің жалпы жылдық сыйақысы жылдық сыйақы төлемдеріне 1, 4 жоғарылату коэффициентін қолдану есебінен 5% өсті. Жақын уақытта 2010 жылғы қызметті бағалау қорытындылары негізінде қызметкерлердің біліктілігі бойынша лауазымдық кесімді жалақылары қайта қаралып, нәтижелілік үшін үстеме ақы белгілеу жопарлануда. Сонымен қатар компания қазіргі күні еңбек пен еңбекақы рыногындағы жағдайды зерттеуде, нәтижелері бойынша тамыз-қыркүйек айларында лауазымдық кесімді жалақыларды көтеру туралы шешім қабылдануы мүмкін.

– Еңбек өнімділігін одан әрі арттыруға қосымша ынталандыру мақсатында ЛУКОЙЛ акцияларын қызметкерлерге ұсыну жоспарланбай ма?
– Политикой ОАО «ЛУКОЙЛ» ААҚ с аясатында мұндай мәселе көзделмеген.

– «Персоналды материалдық және материалдық емес тұрғыдан ынталандыру туралы Ережені» жариялы құжат етіп, Интернет-порталда орналастыру туралы өтінеміз. 
– Жуық арада порталда іссапармен жіберілген қызметкерлер үшін арнаулы жаднама, «Персоналды материалдық және материалдық емес тұрғыдан ынталандыру туралы Ережеден» көшірмелер, ықтимал жеңілдіктер мен өтемақы тізбесі (мөлшерімен) орналастырылады. Ереженің толық мәтінін орналастыру мүмкін емес, себебі аталған құжаттың кейбір элементтері құпиялы (оған персоналдың барлық санаттарын ынталандыру жүйелерінің сипаттамасы да кіреді).

– «Батыс Курна-2» жобасы бойынша қызмет ететін қызметкерлерді материалдық және материалдық емес тұрғыдан ынталандыру туралы Ережеге форс-мажор жағдайлар сапарлары бойынша тікелей өтемақы туралы бөлімді енгізуді ұсынамын. 
– Осы күні аталған Ережеге өзгертулер енгізілуде, онда форс-мажор жағдайларды өтемақы төлеу мүмкіндігі қарастырылмақшы. 

– «ЛУКОЙЛ Оверсизде» қызметкерлердің балаларын профильде ресейлік жоғары оқу орындарында оқыту және содан соң компания кәсіпорындарында еңбекке орналастыру бағдарламасы бар ма?
– Компанияда халықаралық жобаларды жүзеге асыруға жіберілген қыхметкерлермен бір тұратын мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларын оқытуды қаржыландыру бағдарламасы қолданылады. Қызметкердің балалары И.М.Губкин атындағы РММГУ-ге оқуға түсерде компания ұсыныс хат береді, БМЕ бойынша абитуриенттер арасында балл (өту баллы) тең болған жағдайда ол біздің үміткерлерге оқуға түсуге артықшылық береді. Ал компанияда практикадан өту және еңбекке орналасы Жас мамандармен жұмыс істеу Бағдарламасы критерийлеріне сәйкес жалпыға бірдей негізде, яғни конкурстық негізде жүзеге асырылады. 

– Дағдарыс кезеңінде өз басыңыз компанияны басқаруда қандай тәжірибе жинақтай алдыңыз?
– Мен «ЛУКОЙЛ Оверсиздің» дағдарысқа қарсы бағдарламасы нәтижелеріне бірнеше мәрте егжей-тегжейлі баға бергем. Тек бір жайтты айрықша атап өткім келеді: осы бағдарламаны табысты жүзеге асырудың арқасында «ЛУКОЙЛ Оверсиз» әлемдік қаржы дағдарысы салдарын ойдағыдай жоя алды, нәтижесінде сапаны жоғалтпай, шығыстарымызды азайттық, сонымен қатар одан әрі дамудың жаңа мүмкіншіліктерін жасадық та. Алған тәжірибеміз біздің команданың жұмысқа қабілеттілігін дәлелдеп, біздің сыртқы теріс әсерлерге тиімді төтеп беру әлеуетімізді растады.