Компания мақтаныштары

09.11.2023

Тоқсанбай Сейтенов – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС механика, энергетика және метрология бөлімі басшысының орынбасары.

Мұнай өнеркəсібін өркендетуге өзіндік үлесін қосып, осы салада 20 жыл еңбек етіп, тағылымды қызмет жолымен бай тəжірибесін сарқа жұмсаған белгілі энергетик.

Мұнай саласының майталманы Тоқсанбай Сейтеновтың жасампаз еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланып, бірнеше рет серіктестік басшылығының Алғыс хаттарымен, Мемлекет басшысының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Халық игілігі, ұрпақтың ертеңі үшін маңдай терін төккен Тоқсанбай ағамыздың тынымсыз еңбегі кейінгі ізбасарлары үшін үлгі – өнеге.