Кен орындарына жақын маңдағы өңірлерді көгалдандыру

22.04.2024

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС компаниясы кең орындарына жақын маңдағы өңірлерді көгалдандыру бойынша іс-шаралар өткізеді. Өткен аптада Компания 500 терек пен қарағаш көшеттерін сатып алды. Компания қызметкерлері көшет отырғызуға белсенді қатысты. Бұдан былай ағаштар Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласының келбетін көркейтеді. Бұл іс-шара осы аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл жұмыс біз үшін үлкен маңызға ие, өйткені біз табиғатқа қамқорлық жасау біздің болашағымызға қамқорлық екенін мойындаймыз. Жасыл кеңістіктер ландшафтты байытып қана қоймайды, сонымен қатар ауа сапасын жақсартуға көмектеседі.

Біздің бірлескен күш-жігеріміз бен қамқорлығымыз өмір сүру ортасын бәріміз үшін және болашақ ұрпақ үшін сау және жағымды етеді. Планетамызға бірге қамқорлық жасауды жалғастырайық!