Газды тазарту бойынша технологияны жетілдіру
20.06.2019
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС газ кешені шығындарын төмендету мақсатында 2017 -дан 2018 жылға дейін Әлібекмола ГДжӨЦ ілспе мұнай газын тазартуға арналған технологияны жетілдіруді енгізу бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар (бұдан әрі-ТӨС) өткізуге бастама жасалып отыр.
Аталған іс-шаралардың негізгі шешімдері- сілімелі тазарту Қондырғысында шоғырландырылған улы натр (сілті) ерітіндісін және кәдеге жаратуға арналған өңделген сілтілі ерітінді көлемдерін тұтынуды 90% дейін төмендету. ТӨС енгізу – аминді тазарту Қондырғысында газды H2S,RSH,CO2 тазартудың негізгі ерітіндісі ретінде OASE purple біріккен ерітіндісін қолдану арқылы BASF компаниясының газ тазарту технологиясын енгізу.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ЕТҰ химиялық реагенттерді таңдау, сынақтар өткізу, енгізу және кіріс бақылауын ұйымдастыру» әдінамасына сәйкес, ТӨС өткізу «ҚазМұнайГаз ӨБТ ҒЗИ» ЖШС келісілген.
Қазіргі таңда Әлібекмола ГДжӨЦ ілеспе мұнай газын тазарту кезінде BASF компаниясының OASE purple біріккен ерітіндісін қолдану арқылы ілеспе мұнай газын тазартуға арналған технологиясы өндірісте жақсы қолданылады- барлық параметрлері талапқа сай. ТӨС оң қорытындылары «ҚазМұнайГаз ӨБТ ҒЗИ» ЖШС және Caspian Investments Resources Ltd компаниясымен расталған.
Жетілдірілген технологиялар мен ТӨС химреагенттерін өнеркәсіптік енгізу қазіргі таңдағы тазарту схемасы кезінде шығындарды елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік берді. Кәдеге жаратуға арналған өңделген сілтілі ерітінді көлемдерін тұтыну, сілті мен катализаторлы алу шығындары 90% дейін қысқарды. Сонымен бірге тауарлы өнім (тауарлы магистральды газ, пропан-бутан техникалық қоспасы , тұрақты газ конденсаты, техникалық күкірт) дайындау сапасы мен көлемдері нормативтік құжаттар мен өнім дайындау көлемдеріне сәйкес келеді.
Анықтама
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (Тең негізде Компания қатысушылары болып табылатындар «КазМунайГаз» ұлттық компаниясы және Caspian Investments Resources Ltd. (Sinopec), 1999 жылдан бері Ақтөбе облысының Қожасай және Әлібекмола кен орындарында мұнайгазконденсатты кен орындарын игеруді жүзеге асырады.
2013 жылғы қазанда ілеспе мұнай газын кәдеге жарату бойынша бекітілген Мемлекеттік бағдарлама аясында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС өнеркәсіптік пайдалануға газ өңдеу кешенін енгізді.
Аталған кешенге екі объект кіреді: « «Әлібекмола» кен орнында сағатына өнімділігі сағатына 50 мың текше м. Газды кешенді дайындау Қондырғысы» және «Қожасай» кен орнында өнімділігі сағатына 29 мың текше м. Газ дайындау Қондырғысы».
«Әлібекмола» кен орнында өнімділігі жылына 420 млн. текше метр Газ-50 Кешенді Газ дайындығының Қондырғысы «Қожасай» және «Әлібекмола» кен орындарындағы мұнай дайындау Қондырғысынан ілеспе мұнай газын кешенді өңдеуге арналған.