Экологиялық мониторинг

Серіктестікте жыл сайын өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы әзірленеді. Соларға сәйкес тоқсан сайын кен орындарында шығындыларға бақылау жүргізу, атмосфералық ауаның, топырақтың ластануына бақылау жүргізу бойынша аккредиттелген зертханасы бар арнайы мамандандырылған ұйымдармен экологиялық мониторинг жүргізіледі. Талдау көрсетіп отырғандай,  кәсіпорынның атмосфералық ауаның ластануына, жер асты суларына, топыраққа әсері бойынша шектеулі-рұқсат етілетін концентрация гигиеналық нормалардан аспайды.

Атмосфералық ауа

Компания аумағында және санитарлы қорғаныс аумағы шекарасында қоршаған ортаға бақылау жүргізетін 2 автоматталған жергілікті станциялар орналасқан (ӨОБС). Мониторингтің жергілікті станциялары жақын жердегі елді мекендер – Жаркемер және Қожасай кенттерінде орналасқан. Аталған жүйеге жалпы қоршаған ортаның жағдайына әсер ететін көздер және факторлармен байланысты ақпарат жинау, бір жүйеге келтіру және талдау кіреді. Компания қызметі нәтижесінде орын алатын зиянды болдырмау мақсатында (компания қызметкерлері мен жақын жерде орналасқан елді мекендердің тұрғындарының денсаулығын қоса) табиғи қоршаған ортаны құрайтын атмосфералық ауа, су және жердің жағдайына бақылау жүргізу. Бақылау ластайтын заттардың концентрациясын  үздіксіз автоматты өлшеуді қамтамасыз ететін анализаторлардың көмегімен нақты уақыт режимінде жүргізіледі.  Олар: азот диоксиді  (NO2), күкірт  диоксиді (SO2), көмірсутек оксиді (CO) және күкіртті сутек  (H2S)

Топырақ

Аумақта топырақтың жалпы және жергілікті сапасына жүргізілетін жыл сайынғы мониторингті құжаттамалы ресімдеу үшін топырақ сынамаларын іріктеуге арналған нүктелер жұмыс жасайды. Топырақ жағдайының мониторингіне арналған іріктеу нүктелері аумақтан тыс жерде жел арқылы ауаның ластануының ең көп таралған жерін анықтау ексеріле отырып орнатылған.  Нүктелердің орналасқан жері топырақтың түсіне, сапалық жағдайына және басқа да жағдайларына қарай елеусіз өзгеріп отырады.

Ағын сулардың мониторингі

Өнеркәсіптік, сондай-ақ санитарлық ағын сулардың мониторингі булану алаңдары мен жер асты горизонттарына жіберілетін өнеркәсіптік, сондай-ақ санитарлық ағын су сапасын бақылауға мүмкіндік береді және ҚР бекітілген экологиялық нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді.

Кен орындарының вахталық кенттерінде тұрмыстық ағын суларды тазалау үшін тазартқыш құрал-жабдықтар бар:

  • Қожасай вахталық кенті , тазартылған ағын су булану алаңдарына шығарылады
  • Әлібекмола вахталық кенті, тазартылған ағын су булану алаңдарына шығарылады

Мердігерлік ұйымдар тоқсан сайын ағын сулардың ШРН нормаларына сәйкестігіне сынамаларға іріктеу жүргізеледі.

Жер асты сулары  мониторингі

Қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпарат алу және кәсіпорын қызметі нәтижесінде орын алатын әсер деңгейін бағалау мақсатында, ағын суларға үнемі және тұрақты түрде өндірістік  мониторинг жүргізеді. Жер асты суларына бақылау жүргізу жер үстіне жақын екі сулы горизонттар бойынша бақылау ұңғымаларының желісі арқылы жүргізіледі.