Даму жолымен

19.05.2009

«Қазақойл Ақтөбе – Ақтөбе облысындағы Әлібекмола мен Қожасай мұнайгазконденсатты кен орындарын игеруші жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы мен Caspian Investments Resources Ltd («ЛУКОЙЛ Оверсиз» біріккен кәсіпорны және Mittal Investments) ЖШС-ға Қатысушылар болып табылады.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе облысындағы мұнай-газ өндіру секторының ірі компанияларының бірінен саналады, ол мұнай өндіру саласындағы көшбасшылардың қатарында жоғары әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілігімен жоғары беделге ие болып отыр. Қызметі басталған мерзімнен бастап есептегенде (1999 жыл) Компания тарапынан Қазақстан Республикасының бюджетіне салықтар мен басқа міндетті төлемдер түрінде 54 миллиард теңгеден астам қаражат аударылған, оның ішінде 4,7 миллиард теңгеден астамы Ақтөбе облысының бюджетіне аударылған.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі Келісім-шартқа сәйкес Ақтөбе облысының әлеуметтік қорына 1999-2008 ж.ж. аралығындағы кезеңде 500 миллион теңгеге жуық қаражат аударылған.

Қайырымдылық пен демеушілік Серіктестіктің әлеуметтік бағдарламасы аясындағы басым бағыттар болып табылады. Компания денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет мекемелеріне үнемі демеушілік көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ жетім балаларды да, дарынды жастарды да, спорт саңлақтары мен ардагер ақсақалдарды да назардан тыс қалдырмайды.

Азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы ортаны қалыптастыруды Компания басшылығы өз қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі деп біледі. Өндірістің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту және Ақтөбе облысының тұрғындарын «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету мақсатында Компания тарапынан 2006 жылы әзірленіп, бекітілген ілеспе газды кәдеге жарату Бағдарламасына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Жоспарланған жаңа нысандар іске қосылғанда «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС ілеспе газды кәдеге жарату проблемасын толықтай шешіп, өңірді сұйытылған газбен және отын газымен қамтамасыз ете алады.