Біздің қауіпсіздікке жолымыз

16.01.2018

Жұмыс орынында қауіпсіз жүріп-отыру мәдениетін арттыру, өндірісте еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және   қоршаған ортаны қорғау  КМГ стратегиясының бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.

Осыған байланысты Басқарма Төрағасы С.Мыңбаев  КМГ компаниясы тобының қызметкерлеріне қауіпсіздік және еңбекті қорғау  мәселелері бойынша «Біздің қауіпсіздікке жолымыз» атты жеке Жолдауын дайындады.

Жаңа еңбек  жолын бастай отырып, ҚазМұнайГаз компаниясының әрбір қызметкері жоғары қауіпсіздік және сенімділік деңгейіне қол жеткізу үшін жұмыс орындарында  оқиғалар мен бақытсыз жағдайлардың алдын алуға ықпал ететін еңбек және денсаулық сақтау қауіпсіздігін жақсартуға жеке өз  үлесін қосуы тиіс.