Б.Сапарбаевтың жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен кездесуі

26.10.2018

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының  “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” тақырыбындағы дәстүрлі Жолдауын түсіндіру бойынша жер қойнауын  пайдаланушы компаниялардың басшыларымен және ұжымдарымен кездесу өткізді.  Бердібек Сапарбаев, кездесуді ашу барысында мұнай өнеркәсібі саласы Ақтөбе облысы экономикасының негізгі саласы болып қалатындығын атап өтті. 2017 жылы облыста 5,9 млн. тонна мұнай және  5,9 млрд. текше м.г газ өндірілді, ағымдағы жылы  6 млн. тоннадан астам мұнай мен  6,1 млрд. текше м. газ өндіру көзделіп отыр.  – Мұнай-газ секторы өңірдің әлеумғеттік-экономикалық дамуында маңызы зор, демек, халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған президент Жолдауын іске асыруда да оның ролі ерекше екендігі сөзсіз. Біз Сіздерді Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін іс-әрекетімізді айқындап, талқылау мақсатында жинадық,- деп облыс әкімі сөзін жалғастырды.   

Қазіргі таңда өңірде 42 келісімшарттар бойынша көміртек шикізатын өндіретін 29 кен орнын пайдаланушы компаниялар жұмыс жасайды. 25 мыңнан астам адам мұнай-газ саласында, оның ішінде қызмет көрсету компанияларында жұмыспен қамтылған – Біз жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін орындауын қатаң бақылауды жалғастырамыз. Өрескел заң бұзушылармен келісімшарттарды бұзамыз.  Бұл, әсіресе, қызметкерлердің жалақысын көтеру бойынша міндеттемелерді орындамайтын компанияларға қатысты. Кәсіпорын басшыларына айтарым- келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етіңдер- деді облыс әкімі Б.Сапарбаев өз  сөзінде.

Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жылғы 1 қаңтардан ең төменгі жалақы 1,5 есеге- яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін көтеріледі. – Тек Ақтөбе облысының өзінде 35 мыңнан астам адамдардың жалақысы өседі. Мұнай-газ саласы компанияларының басшылары жалақыны құнсыздық деңгейінен төмен емес көлемде өсіруге міндетті – деп Бердібек Сапарбаев атап өтті.

Облыс әкімімен кездесуде «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директоры Ізмұханбет Ринат Нұрғожаұлы қатысты. Өз сөзінде  Ринат Нұрғожаұлы : -Адам мемлекеттегі ең басты байлық деп атап көрсетті. Компания адами капиталдың дамуын басты назарда ұстайды, бізде қызметкерлерге арналған ең жоғарғы тартымды жағдайлар туғызылған : Компанияға жоғары білікті мамандарды тарту және оларды ұстап отыру бойынша жоғары мүмкіндікті қамтамасыз ететін бәсекелестік ынталандыру, әлеуметтік кепілдіктер жүйесі құрылған. Жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы ұжымдық шарт талаптары Қазақстанның басқа мұнай өндіруші компанияларымен салыстырғанда ең тартымды болып табылады. –деп сөзін аяқтады.