«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Отан қорғаушылар күнін атап өтті

25.06.2023

Әкімшілік бөлім Отан Қорғаушылар Күні қарсаңында, 4 мамырда Әлібекмола және Қожасай кен орындарында ұжымның ер – азаматтарын  құттықтап, әрбір құрылымдық бөлімшеге шәй ішуге арналған тәтті жиынтықтарын табыстады.

Сонымен қатар, Әлібекмола кен орнында «Жігіт сұлтаны» байқауы ұйымдастырылып, оған Компанияның  төмендегі  қызметкерлері қатысты:

      1. Аяуов Ғабит- ЕжҚОҚ бөлімінің  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері;

      2. Қартбаев Есенияз- СЗ 5-разрядты химиялық талдау зертханашысы;

      3. Әбдірейім Жаңғырбай- ГДӨЦ компрессорлық станциясының 6-разрядты технологиялық компрессорлар машинисі;

      4. Бақтыбаев Аманкелді-Әлібекмола кен орнының  МГӨЦ 6-разрядты мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы;

      5. Төлеушов Марғұлан-Қожасай кен орнының  МГДУ 6-разрядты  технологиялық қондырғыларының операторы.

Байқау 5 турдан тұрды:

1.         Тегімді менің сұрасаң-сәлемдесу;

2.         Көркіне ақылы сай-интеллектуалды байқау;

3.         Қазақ батыры – спорттық байқау;

4.         Сегіз қырлы, бір сырлы – қолынан өнер тамған шебер;

5.         Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер кем емес – шығармашылық байқау.

Байқауға қатысушылар өздерін таныстырып, өздерінің зияткерлік, спорттық және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. 5 турдың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегі ретпен бөлінді:

1- орын – Абдрейім Жаңбырбай;

2- орын – Тулеушов Марғұлан;

3- орын – Бактыбаев Аманкелди;

«Қазақ батыры» номинациясы – Аяуов Габит;

«Сегіз қырлы-бір сырлы» номинациясы – Қартбаев Есенияз.

Жеңімпаздар мен номинанттар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен, 1 орын – 200 000 теңге, 2 орын – 150 000 теңге, 3 орын – 100 000 теңге және номинанттар-50 000 теңге көлемінде жүлделермен марапатталды.