2021 жылы «Экология жылы»

24.04.2021

2021 жылы «Экология жылы»  «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС табиғатты қорғау шараларына белсене атсалысты.

Сәуірдің 24-і күні «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қызметкерлері «Таза табиғат» жобасы аясында Ақтөбе су қоймасы мен Елек өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту бойынша республикалық «Бірге Таза Қазақстан» акциясына қатысты.

28-29 сәуірде жыл сайынғы дәстүр бойынша Әлібекмола, Қожасай алқаптарына 365 түп терек, қарағаш, шырша, акация, қарағай көшеттері отырғызылып, гүлдер де отырғызылды.

2021 жылғы Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, 5 маусымда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының аумағын тазарту мақсатында «Бірге таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты. Жас мамандар кеңесі бұл акцияны қолдап, Ақтөбе су қоймасының аумағын қоқыстан тазартты.

2021 жылдың қазан айында триатлон саябағының аумағында Ақтөбе қаласының басқа ұйымдарымен және табиғатты қорғаушылармен бірлесе отырып, компания Ақтөбе қаласын көгалдандыру мақсатында көшеттер отырғызды.

Қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайды жақсартуға үлес қосу – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС үшін дәстүрге айналған компанияның басым міндеттерінің бірі.