«Қазақойл Ақтөбе » ЖШС өндірістік-шаруашылық қызметінде қоршаған ортаны қорғау – басымды бағыттардың бірі.
Біздің мақсатымыз – қоғам мен табиғатқа зиян келтірмей, қоршаған ортаға әсерді тиімді бақылау. Көмірсутегінің өндірістік циклін жүзеге асыра отырып, біз өндірістік және технологиялық стандарттарға сәйкес болуға тырысамыз және қоршаған ортаны қорғау (ҚОҚ) жүйесін басқаруды тұрақты жетілдіруге ұмтыламыз. Біз өндірістік қызметті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Компания Саясатына (бұдан әрі-саясат) және қоршаған ортаны қорғау бойынша бекітілген іс-шаралар Жоспарына сәйкес іске асырамыз.
Саясатқа сәйкес, ҚОҚ негізгі басқару принциптері болып табылатын- қоршаған ортаға қызметтің теріс ықпалын үздіксіз төмендетіп отыру, ҚОҚ саласындағы тәуекелдерді анықтау және басқару, энергиялық тиімділік пен хабарландыру сапасын арттыру. Саясат әрекеті компанияның барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ объектілерде қызмет көрсететін мердігерлік ұйымдардың қызметкерлеріне де таралады.
Компанияда экологиялық менеджменттің біріктірілген жүйесі жұмыс жасайды, оның іргетасы болып табылатын іс-әрекеттегі табиғатты қорғау заңнамасы, экологиялық менеджмент принциптері және процестік көзқарас.
Сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқару жүйесі ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 и ISO 50001 талаптарына сәйкес, қалыпты жұмыс жағдайында.
Жыл сайынғы негізде біз ҚОҚ саласындағы жетістіктерімізді талдап, жақсарту салаларын, алдағы мақсаттарымыз бен шешімдерімізді айқындаймыз. Экологиялық тазалықты сақтау және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендету мақсатында біз жаңа тәжірибелер мен технологияларды қолдану мен енгізу мүмкіндігіне үздіксіз зерттеу жүргіземіз.
Біздің қызметіміздің басымды жақтары болып табылатын: парник газдарының шығарындыларын басқару, факельді жағуларды азайту, тарихи қалдықтарды кәдеге жарату, биотүрлілікті сақтау, топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және энергиялық тиімділікті арттыру.
Қандай да бір қызметті жоспарлау кезінде біз міндетті түрде қоршаған ортаға әсерін бағалаймыз. (ҚОӘБ). ҚОӘБ барлық жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді.
Рұқсат ету құжаттары:
Газды кәдеге жарату
«Қазақойл Ақтөбе » ЖШС экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көмірсутекті газды жағу көлемін азайту, өңдеуді қоса, ілеспе газды оңтайлы және кешенді пайдалану мақсаттарында іске пайдаланады: «Қожасай» ГДҚ –газды дайындау қондырғысы , өнімділігі жылына 240 млн. м3/жыл – газды әрі қарай Әлібекмола ГДжӨЦ тасымалдай отырып, кептіру. Әлібекмола ГДжӨЦ -газды дайындау және өңдеу цехы, өнімділігі 420 млн. м3/жыл.
«Жерді және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңына сәйкес, ілеспе газды оңтайлы пайдалану және оны жағу көлемдерін қысқарту арқылы қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету мақсатында «Қазақойл Ақтөбе » ЖШС объектілеріне арнап жер қойнауын зерттеу және пайдалану бойынша уәкілетті органдармен Бағдарламаны қарау бойынша Жұмыс тобын қорғаумен және ілеспе газды жағуға рұқсат алумен объектілерге арнап ілеспе газды өңдеуді дамыту Бағдарламасы дайындалуда .