Жыл сайынғы игі дәстүр – әр балаға жүректен шыққан жылулықпен!

04.06.2025

Балаларды қорғау күні қарсаңында Компания жыл сайынғы игі дәстүрге сай аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ Компанияның кен орындарына жақын орналасқан елді мекендердегі балаларға қайырымдылық көмек көрсетеді.

Биылғы жылы Эмба, Жем, Қандыағаш қалаларының, Мұғалжар ауданының Батпақкөл, Құмжарған, Еңбек ауылдық округтерінің, Байғанин ауданының Қызылбұлақ ауылдық округінің, Астана ауданының және Ақтөбе облыстық оңалту орталығының балаларына сыйлықтар табысталды.

Балаларға қуаныш сыйлаған 967 дана түрлі ойыншықтар, үстел ойындары мен конструкторлар тарту етілді – бұл тек сыйлық қана емес, балалардың қиялын дамытып, жүздеріне күлкі сыйлайтын нағыз мерекелік көңіл күй. Біз әрбір баланың қамқорлық пен мейірімге лайық екеніне сенеміз. Балалар күлкісі – ең үлкен алғыс пен игі істерге шабыт!