Жеңіс күні

12.07.2012

Жеңіс күні аясында Компания тарапынан бірқатар шаралар ұйымдастрылды:
* Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңгерілген, Компанияда жұмыс істейтін 4 қызметкерге материалдық көмек көрсетілді.
* Компанияның демеушілік қолдауымен Мұғалжар ауданындағы Батпақкөл селолық округінде Жеңістің 67-жылдығына арналған ат жарысы өтті (15 км). Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы жүлделермен марапатталды.

* 9 мамырда Компанияның жас мамандары Ұлы Отан соғысының ардагері Ходус Петр Ивановичтің (1918 ж.т.) үйіне арнайы барып, оны мерекемен құттықтады. Петр Иванович әскер қатарына 1939 жылы шақырылып, соғыста басынан аяғына дейін болған. Қазір ол 93 жаста.

* 12 мамырда, сенбі күні жас мамандар ардагер П.И.Ходустың үйіне барып, қасбетін жөндеді, бояды, терезелерді, қоршауларды сырлады, үй қабырғасын ДСП-мен қаптап берді, кіреберісті цементтеді, ауланы тазартты.

* 12-13 мамырда Компанияның аяқдопшылары Ұлы жеңістің 67-жылдығына арналған, мини-футболдан өткен турнирге қатысты. Турнирді ұйымдастырған – «GSM Казахстан «Қазақтелеком» ААҚ. 
Турнирге 20 команда қатысты: 
«ТЭЦ» АҚ, «Шлюмберже Лоджелко Инк» филиалы, «ККБК «Ұлы қамал» ЖШС, Ақтөбе облысының әкімдігі, «Интергаз Центральная Азия» АҚ филиалы, «ЮжПромСнаб» ЖШС, «Казкоммерцбанк» АҚ АФ,«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, АОДТ «Казахтелеком», «КТП» ЖШС, «Алтиес Петролеум Интернешнл Б.В.» ӨК АФ, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Mega Centеr Aktobe» ЖШС, «West Motor Servise» ЖШС, « WE US Holding Inc.» ЖШС, «Актюбрентген», АҚ, ТНК «КазХром» АҚ, Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті, «Рика -ТВ» телекомпаниясы, «Көктас-Ақтөбе» АҚ. 
Ойында олимпиялық тәсілмен ұйымдастырылды. 
Бірінші ойында біздің команда «Казкоммерцбанк» АҚ АФ командасымен кездесіп, счетом 6:2 есебімен жеңіске жетті. 
Турнирдің екінші кезеңіне мына 10 команда шықты: 
«Шлюмберже Лоджелко Инк» филиалы, «ККБК «Ұлы қамал» ЖШС, «Интергаз Центральная Азия» АҚ филиалы, «КТП» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «West Motor Servise» ЖШС, ТНК «КазХром» АҚ, «Рика -ТВ» телекомпаниясы. 
Екінші ойында біздің футболшылар «Интергаз Центральная Азия» АҚ филиалы командасымен кездесті. Мұнда да біздің спортшылар басымдық көрсентіп, 3:1 есебімен ұтты.
Нәтидесінде жартылай финалға 5 команда шықты:
«ККБК «Ұлы қамал» ЖШС, біздің команда, «КТП» ЖШС, «West Motor Servise» ЖШС (2011 жылғы турнирдің жеңімпазы), ТНК «КазХром» АҚ. Жеребеге сәйкес «КТП» ЖШС автоматты түрде финалға шықты. Біздің команда «West Motor Servise» ЖШС командасымен, ал «ККБК «Ұлы қамал» ЖШС командасы ТНК «КазХром» АҚ командасымен беттесті.
ТУРНИР НӘТИЖЕЛЕРІ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БОЛДЫ:
1 орын- «West Motor Servise» ЖШС
2 орын- «КТП» ЖШС
3 орын- ТНК «КазХром» АҚ
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС командасы «Жеңіске деген жігер» номинациясы бойынша грамотамен марапатталды.