Жаңа жылдық дәстүр

08.01.2025

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Жаңа жыл қарсаңында қалыптасқан дәстүр бойынша әлеуметтік осал, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды құттықтады.

Биылғы жылы кен орындарына жақын аумақтардың балалары, сондай-ақ Ақтөбе қаласының қоғамдық ұйымдары үшін 7 миллион теңгеден астам сомаға 1860 тәтті сыйлық сатып алынды.