Жаңа жылға бірге
19.02.2013
Шалғайдағы Байғанин ауданының кішкентай тұрғындары үшін қыстың суығы енді тіпті де қорқынышты емес. Мүмкіншіліктері шектеулі және ата-ана қамқорынсыз қалған бейкүнә 23 бала «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ынан аудан орталығы – Қарауылкелдідегі Мәдениет үйінде аудан әкімі Мамырғали Аққағазовтың ұйымдастыруымен өткен жаңажылдық ертеңгілік шара кезінде сыйлыққа қысқы курткалар мен аяқкиім алды.
Баланың аты бала ғой, шыдамы жетпегендері киімді алған бойда-ақ киім көріп жатты.
– Біздің мұнайлы аудан жер қойнауын пайдаланушылардың бірі – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС ауыл тұрғындарының аз қамтылған топтарына әлеуметтік қолдау көрсетіп жүрген бірлікті, берекелі ұйымдардың бірі, – дейді аудан әкімінің орынбасары Шара Спанова. – . Әсіресе, осы ұжым біздің келешегіміз – балаларға, жас ұрпаққа көмек көрсетуден көпке үлгі болып келеді. Сондықтан да ЖШС мұнайшы қауымына қайырымдылығы, әлеуметтік жауапкершілігі үшін шын жүректен алғыс сезімімді білдіремін.
Бізде бірде-бір мейрам, бірде-бір акция «Қазақойл Ақтөбенің» қатысуынсыз өткен емес. Мұнайшылардың арқасында жайнаған жазда 1 маусымда – балаларды қорғау күні тамаша мейрам болатынын, ал алтын күзде мектепке баратын жолдың ашық болатынын байғаниндік балдырғандар жақсы біледі, сол қуанышты сәттерді әрқашан аңсайды, күтеді.
Естеріңізге сала кетсек, 2011 жылдан бастап біздің Серіктестікке Қатысушылардың бірі – ЛУКОЙЛ Компаниясы осы ауданда да «Арай» әлеуметтік бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Осы елімізде теңдесі жоқ жобаның көмегімен 67 аудан кәсіпкері өмірге жолдама алды.
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директоры Андрей Решетневтің атына жазған алғыс хатына аудан әкімі дәстүрлі қарым-қатынастардың одан әрі жалғасын табатынына сенімін білдіріпті.
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының жұртышылықпен байланыстар жөніндегі менеджері Гауһар Борашева: «Нағыз шынайы алғыс, ризашылық сезімін біз, ұйымдастырушылар сәбилер жанарынан, шат жүздерінен аңғарғандай болдық», – дейді.
Ал бүлдіршіндер болса, Аяз Ата мен Ақшақарға бір-бірімен жарыса өз өнерлерін көрсетіп жатты. Ал Әнуар Ақниет есімді «Қошақаным, қайдасың?» әнін нақышына келтіре орындаған жас ұлан осы тамашаның жұлдызына айналды.
Ляззат ЕГИБАЕВА