Жүректен жүрекке – балаларды қолдау

31.05.2019

23 мамырда  Ақтөбе қаласының  «Өнер оталығында »  қала әкімшілігі және қалалық білім бөлімінің  қолдауымен   Ақтөбе қаласының 150-жылдығына арналған  «Журектен-журекке» атты қайырымдылық  аукцион-концерті өтті. Конценртке Ақтөбе қаласының әкімі   Ильяс Испанов қатысты.

Аталған шараның мақсаты- ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік патронаттық қолдау көрсету, «Тұрғынүйқұрылысыжинақ банкі» АҚ АФ ашылған шоттарды қаржы құралдарымен  толықтыру.

«Қазақойл  Ақтөбе» ЖШС  қызметкерлері аталған акцияны қолдайды және 2018 жылғы ақпаннан бүгінгі күнге дейін алты жетім балаларға ай сайын  қызметкерлер жалақысынан қаржы құралдары аударылып отырады. 14 айдың ішінде балалардың шотына 3,5 млн. теңге аударылды.

 «Журектен-журекке» қайырымдылық концертінде  Компания ата-ана қамқорлығынсыз қалған  балалар мен жетім балаларға қолдау жасағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.