ЫҚЫЛАС ПЕН ІЗГІЛІК МЕРЕКЕСІ немесе балаларға тарту

21.06.2013

Балаларды қорғау күні — мерекелердің ішіндегі ең сүйкімдісі болып саналады. Өйткені, бұл күні біз мынау қым-қуыт тіршіліктен уақыт тауып, кішкене бүлдіршіндерімізге мейірім шуағын әдеттегіден молырақ төгуге тырысамыз. Ал балаларымыз болса, жыл сайын нақ осы күні әдеттегіден тыс сыйлықтар мен күтпеген жаңалықтар күтеді. Бір қызығы, оларды таң қалдыру өте қиын және күрделі. Бұл ретте «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС ұжымының өзі ойлануға мәжбүр. Өңірдегі жетекші мұнай-газ өндіруші кәсіпорынның қызметкерлері өздері үшін қымбат және сүйікті балдырғандарға деген сүйіспеншіліктерін әр ретте жаңаша білдіргісі келеді. Сондықтан да компания ұйымдастыратын мерекелер жас достардың жадында ұзақ сақталып қалатын сияқты. Шын мәнінде, ең жақын, аяулы деген адамдарға ғана жүрек жылуы осылай берілетін шығар, бәлкім.

КІШКЕНТАЙ КӨМЕКШІЛЕР

30 мамырда «Қазақойл Ақтөбенің» орталық офисінде әдеттегіден тыс көңілді дауыстар жиі естіліп жатты. Мұнда ЖШС ұжымы қызметкерлерінің балалары, яғни бүгінгі күннің қонақтарына арнап құрмет көрсетілді. Ал кішкентай қонақтар болса, өздерін соншалықты еркін сезініп, ешқандай қысылып-қымтырылмастан ата-аналарының жұмыс орындарын иеленіп алды.

Кішкентай да болса, мәртебелі қонақтарды «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының бас директоры Андрей РЕШЕТНЕВ қуаныш- пен құттықтады.
— Құрметті біздің балаларымыз, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге денсаулық, шығармашылық табыс, сәттіліктер мен тамаша жазғы каникул болуын тілеймін, — деген ол жылы сөздерімен Балаларды қорғау күні аясындағы жыл сайынғы дәстүрлі конкурсқа белсене қатысқандары үшін оларға алғыс сезімін білдірді, сонымен бірге жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарды табыстады.

Конкурстар уақыт өткен сайын танымал бола түсуде. Егер 2010жылы суреттер конкурсына 10 шақты бала қатысса, биыл олардың саны 85-ке жетті. 
Конкурс қорытындысы бойынша 24 бала бағалы және ескерткіш сыйлықтармен марапатталды. Барлық мерекеге қатысушылар «Симба» және «Электроника әлемі» дүкендеріне сертификаттарға ие болды.

Биылғы жылдың 1 маусымы балалар үшін жалпы фотосуретпен де сақталып қалатын болады. Суреттен шаршаса да өте бақытты балалардың жарқын жүздері көрінеді. Ата-аналар да қуанышты, олар балаларының осындай сәттерін көргендеріне мәз.
Бұл күні ЖШС Жас мамандар және жас қызметкерлер кеңесінің мүшелері Алға балалар үйінің 30 тәрбиеленушісін футболға шақырды және олармен бірге «Ақтөљбе» командасы үшін жанкүйерлік етті. Содан кейін «Сапdу» кафесінде балаларға арнап тәтті тағамдар толы дастарқан жайылды. Футбол матчы мен алуан түрлі тәттілер алғалық балалардың көңіл күйін көтерді.
Ең бастысы, олар өздерінің жандарын түсінетін,болашақ армандары мен ойларын бөлісетін жақын адамдардың қамқорлығының аясында болды.

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ НЕМЕСЕ ТОСЫН СЫЙЛАР

Мұғалжар ауданындағы, шалғайдағы Батпақкөл селолық округінің балалары мұнайшыларды қалай асыға күткенін сөзбен жеткізіп айту қиын. 
31 мамыр күні Жаңажол орта мектебінің акті залында Жағабұлақ, Қожасай, Саға және Жаркемер ауылдарынан шақырылғандардан ине шаншар орын болмағаны көп жайды білдірсе керек. Дегенмен, баланың аты бала, олар алыстан болса да, сахнаға көз салғандарына мәз.

«Қазақойл Ақтөбе» мерекеге құр қол келмепті. Олар «Екі езу» миниатюра эстрадалық театры артистерін жолға өздерімен бірге ала шығыпты. Өнер иелері ең алдымен мерекелік қызықты бағдарламаларын ұсынды, содан кейін «Қайратты қоян» ертегісі қойылымын көрсетті. Балалардың ертегілер әлеміне еніп кеткені соншалық, олар сахнадан бір сәтке де көздерін айырмады. Көрермендер үздіксіз қол соғып, өздерінің сүйікті кейіпкерлерін алысқа жібергісі келмеді.

— Ертегі көңілді ғана емес, тартымды да, сондай-ақ тағылымдық мәні де зор, — деп өз бағаларын білдірді Жаңажол орта мектебінің ұстаздары, — Бұл — тамаша сыйлық. Біздің балаларымыз бүгінгі қойылымды көп уақытқа дейін ұмытпайтын болады. Өкінішке орай, театрға баруға, актерлермен бетпе-бет жүздесуге мұндай мүмкіндіктер жиі бола бермейді. Ал бұл жолы «Екі езу» елге өзі келіп, тегін сый лық жасап отыр. Сол үшін де алығысымыз шексіз.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының жұртшылықпен байланыстар жөніндегі менеджері ГауҺар Борашева компанияның атынан 14 мүгедек-бала мен ата-анасыз балаларға бағалы сыйлықтар тапсыра бастағанда, кейбір ұстаздар мен қамқоршылар балалардың қуанышына қарап тұрып, көз жастарына ие бола алмай қалды.

Олардың сөздеріне қарағанда, балалар музыкалық орталықтар, аккумуляторлы маши налар, ұялы телефондар, велосипедтер мен Барбиге арналған үйшіктер туралы көптен армандап жүр екен.
Батпақкөл селолық округінің әкімі Жазықбай Алданиязов әлеуметтік жауапты жер байлығын пайдаланушылардың еңбектеріне алғыс сезімін білдіріп, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының бас директоры Андрей Решетневке «Алғыс хатты» жеткізуді өтінді.

— Менің жерлестерім әр түрлі компанияларда еңбек етуде, олардың барлығы да бізге көмектеседі. Алайда «Қазақойл Ақтөбемен» бізді көп жылдық берік достық байланыстырады. Сондықтан да болар, компания біздің балаларымызға ыстық ықыласпен қарайды. Бір де мереке олардың қатысуынсыз өтпейді. Біз мұны жоғары бағалаймыз және «Қазақойл Ақтөбе» секілді қуатты мекемемен арамызда ынтымақтастық болғанын мақтан тұтамыз, — деп атап көрсетті округ әкімі.

Компания Бас директорыныћ атына «Алғыс хатты» Байғанин ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов та ұсынды.

ҮЛКЕН ТЕННИСКЕ ЖОЛ

Компания қызметкерлерінің 1 маусым күнгі машруты көп жылдардан бері өзгеріссіз қалпында келеді. Ол әдетте Алға балалар үйінен басталады. Тәрбиеленушілерге компанияның қамқорлығы мұндағы тігін шеберханасынан бастап меншікті автобусқа дейінгі қымбат мүліктерден де байқалады.
Биылғы жылы мұнайшылар тәрбиеленушілерге құны жарты миллион теңге тұратын жуылған киім-кешекті кептіретін өнеркәсіптік құрылғыны сыйға тартты.

Балалар өздерінің қонақтарына бақыт іздеген жан туралы ертегіні сахналап көрсетті. Олар «Қазақойл Ақтөбе» секілді достармен бірге бақытқа да, байлыққа да жетуге бо латынын біледі.

Мереке құрметіне компания теннистен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне 200 мың теңге аударды. ЖШС жыл сайын мектепке қолдау көрсетіп отырады. 2011 жылы үлкен теннистен республикалық турнир қарсаңында көмек қолын созды. Биылғы жылғы демеушілік қаржысы спорт құрал-жабдықтарын алуға және жеңімпаздарды марапаттауға жұмсалады.

ГҮЛСІМ УАЗИРОВАҒА АРНАЛҒАН ТОРТ!

Байғанин ауданындағы Қарауылкелді селосының тұрғыны Гүлсім Уазирова бұл күні ерекше қуаныш құшағына бөленді. Ол 1 маусым күні 12 жасқа толды. Мұнайшылар Гүлсімге «Сапоп» фотоаппаратын және өзіне ғана арналған ерекше торт сыйлады.

Ол үлкен ағаларының туған күнін біліп, соған әдейі дайындалып келгендеріне таң-тамаша қалды.
Бір атап айтарлығы, бұл күні ешкім де назардан тыс қалмады. Қарауылкелді мен оған жақын орналасқан ауылдардың барлығынан да кішкентай бүлдіршіндер «Екі езудің» қойылымына шақыру алды.

Ал он сегіз жетім балаға фотоаппараттар, музыкалық орталықтар, ұялы телефондар, велосипедтер тарту етілді. Дене қимы- лы шектеулі 20 балаға да ескерткіш сыйлықтар берілді. Балдырғандар түрлі тәттілерге қарық болды.

…Мереке аяқталғанымен, әсем көңіл-күй, жарасымды әзіл-күлкі жалғасын тауып жатты. Балалардың жүзінен бақыт шырайы шалқып тұрды, ал осындай сәтке куә болған үлкендердің жүзі тіпті жарқын еді. Олар бір сәтке күнделікті қарабалас шаруадан бет бұрып, өздерінің ең нәзік сезімдерін балғындарға білдіруге уақыт тапты.

Өйткені, балаларды қорғау күні — біздің болашағымызға, кейіннен қаулап өсіп келе жатқан жас бүлдіршіндерге үлкендердің ықыласы мен ізгілікті сәттерін көрсетудің бірден-бір мүмкіндігі емес пе?!

Ләззат ЕГІБАЕВА.