15.10.2020ж. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС жұмыс орталарында химиялық реагенттерді тәжірибелік-кәсіпшілік сынағын (бұдан әрі – ТКС) таңдауға және жүргізуге химиялық реагенттерді жеткізушілерді/өндірушілерді шақыру.
Химиялық реагенттердің түрлері:
* Тауар (қабат) және альбсеноман суларына арналған коррозия ингибиторы;
* Тауар (қабат) және альбсеноман суларына арналған Коагулянт;
* Тауар (қабат) және альбсеноман суларына арналған Флокулянт.
Химиялық реагенттің ТКС процесі келесі кезеңдерден тұрады:
1. «Қазақойл Ақтөбе ” ЖШС жұмыс орталары үшін өндірушінің химиялық реагенттерге өтінімдер қабылдауы және сынамалар жинауы»;
2. ҒЗИ-дағы технологиялық тиімділікті анықтау үшін химиялық реагентті іріктеу және зертханалық зерттеу;
3. Химиялық реагенттің тиімділігін зертханалық растау жағдайында “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС кәсіпшілік объектілерінің жұмыс ортасында химиялық реагентті тәжірибелік-кәсіпшілік сынау.
Химиялық реагенттің ТКС өтеусіз негізде, химиялық реагентті жеткізушінің/өндірушінің есебінен жүргізіледі.
Химиялық реагенттің ТКС іріктеу және өткізу ниеті туралы хатты (химиялық реагенттің түрін көрсету) “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС кеңсесіне келесі мекен-жай бойынша жолдауы қажет:
Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 46 үй, “Капитал Плаза”БО. Кеңсе Телефоны +7 7132 557344.
Химиялық реагентті іріктеуге және ТКС жүргізуге өтінім беру мерзімі 02.11.2020 ж. дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС Өндірістік-техникалық бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз тел:+7 7132 933047.
Қосымшалар: