Сіз бізге Бейбіт өмір сыйладыңыз!
17.05.2017
Жас Мамандар және Жас Қызметкерлер Кеңесі (бұдан әрі ЖМ және ЖҚК) Жастар саясатын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ хатына сәйкес, Жеңіс және Ұлы Отан Соғысы Күніне орай «Сіз бізге бейбіт өмір сыйладыңыз» атты қайырымдылық акциясын өткізді.
Аталған акция 2017 жылғы 05 мамырда Компанияның кеңсесінде, сондай-ақ 2017 жылғы 7 мамырда «Әлібекмола» және «Қожасай» кен орындарында өткізілді. Акцияны өткізу кезінде магнит түрінде сыйлық алу үшін ерікті түрде қаржы жинау шарасы ұйымдастырылды. Жиналған қаржының жалпы сомасы 69 300 (алпыс тоғыз мың үш жүз) теңгені құрады. Жиналған қаржыға ЖМ және ЖҚС өкілдері Ұлы Отан Соғысының екі ардагерін құттықтады.
Ең алдымен Ходус Петр Ивановичті құттықтады, ЖМ және ЖҚС оған жыл сайын көмектеседі, ал бұл жолы ардагерге мерекелік азық-түлік себеті табысталды. Жиналған қаржының қомақты бөлігі ҰОС ардагері , мүгедек немересін тәрбиелеп отырған батыр ана – Оразмагамбетова Ажар әжеге берілді.
Ардагерлер сұрапыл соғыс жылдарындағы өз естеліктерімен бөлісті.
Осындай шын жүректен шыққан құттықтаулар дәстүрге айналды, оның үстіне жасына қарамастан көптеген ардагерлер жастар арасында патриоттық жұмыс жүргізуін тоқтатқан емес, соғыстағы естеліктерімен бөліседі және баға жетпес өмірлік тәжірибелерін үйретуден жалықпайды.