САҚТАНДЫРУ  МЕКЕМЕЛЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА !!!

22.12.2018

«ҚазМұнайГаз» (бұдан әрі  – ҚМГ) «Медициналық сақтандыру» (бұдан әрі- Стратегия) санаты бойынша Қор деңгейінде сатып алынатын санатты стратегияларды «ұзақмерзімді бастамаларды»  іске асыру аясында 2019 жылға қажеттілік бойынша ҚМГ еншілес ұйымдарының сатылған санаты бойынша әлеуетті жеткізушілерді анықтау мақсатында сақтандыру ұйымдарының қатысуымен бәсекелесті келіссөздер жүргізу жоспарланатынын хабарлайды.   

Алдағы бәсекелесті келіссөздерге рұқсат алу мақсатында жеткізушілер Стратегияда анықталған талаптар бойынша іріктеудің пысықталған критерийлеріне сәйкес , ҚМГ  құжаттар жолдауы тиіс. 

Бәсекелесті келіссөздерге  қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі  – Астана қ. уақытымен 2018 жылғы 27 желтоқсанда сағат 13:00 сағ. дейін. 

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімінен кейінгі күні келіссөздер тобымен жоғарыда аталған талаптар бойынша конверттерді ашу рәсімі жүзеге асырылады.  Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша бәсекелесті келіссөздерге қатысуға рұқсат беру хаттамасына қол қойылады және аталған ақпарат қосымша әлеуетті жеткізушілерге жеткізіледі. 

Бәсекелесті келіссөздерді өткізудің болжамды мерзімі 2018 жылғы 29 желтоқсаннан 2019 жылғы 3 қаңтарға дейін төмендегі мекен-жай бойынша: Астана қ., Қабанбай Батыр б. даңғылы 19 үй.

Жоғарыда аталған талаптарды қабылдау үшін, бәсекелесті келіссөздерге қатысуға арналған іріктеуден өту мақсатында  ҚМГ еншілес кәсіпорындарына сырқаттану жағдайында медициналық сақтандыру қызметтерін көрсету мүмкіндігі туралы төмендегі электронды мекен-жайға ресми сұраныс жіберу қажет: b.kaichubekov@kmg.kznurlan.magzumov@kmg.kz.

Барлық сұрақтар бойынша  келісімсөздер тобының хатшысы Кайчубеков  Бахтияр Кайратовичке төмендегі телефондарға  хабарласуға болады 8 (7172) 78-91-37, 8-777-131-33-55 .