Парыз 2021- «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын»- «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС- 2021 жыл желтоқсан

28.03.2022

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында,

Еңбекті  және әлеуметтік  қорғау министрлігі мен Энергетика Министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы,

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен бірлескен өткізуімен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз» байқауында,

 Біздің компания «Қазақойл Ақтөбе»  ЖШС «Үздік  әлеуметтік жауапты кәсіпорын»  марапатына ие болғаны туралы үлкен қуанышпен және  мақтанышпен хабарлаймыз!

Бұл марапат бүкіл «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС ұжымының үлкен жетістігі.

Ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын ретінде, қызметкерлеріміздің болашаққа сенімді екенін және лайықты әлеуметтік пакетке ие екенімізді мақтан тұтамыз.

Өзіміздің аймағымыз бен қоғамның осал топтарының  әлеуметтік жағдайын өз қамқорлығымызға аламыз.

Біздің компанияның қызметіне осындай жоғары баға бергені үшін ризашылығымызды білдіреміз және бұл біздің болашақ жұмысымызға үлкен ынталандыру береді!