Оқиғалар хронологиясы

2023

мамыр
Сапа менеджменті жүйесінің, экологиялық менеджмент жүйесінің және Компанияның кәсіптік денсаулық және қауіпсіздік менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігін сертификаттау
маусым
2023 жылғы 23 маусымда тәуекелдерді басқару бойынша корпоративтік оқыту өткізілді.

2022

қазан
Ақтөбе облысының әкімдігі және «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Компания 2022 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Жаркемер ауылын газдандыру бойынша қаржыландыруды жүзеге асырды.

2021

қаңтар
 №-048Д  ұңғыманың құрылысы 2021 жылғы 22 қаңтарда басталды және 2021 жылғы 22 сәуірде аяқталды.
мамыр
Қожасай кен орнында жалпы ауданы 695 м2 «Әкімшілік-тұрмыстық кешені»  жаңа нысаны пайдалануға берілді.
маусым
Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Қазақойл Ақтөбе»  ЖШС арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Компания 2021 жылы Ақтөбе облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар және мәдени нысандардың құрылысын қаржыландыруды жүзеге асырды.

2020

наурыз
Ақтөбе облысының әкімдігі мен «Қазақойл Ақтөбе»  ЖШС арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Компания 2020 жылы Ақтөбе облысының аумағында әлеуметтік маңызы бар және мәдени нысандардың құрылысын қаржыландыруды жүзеге асырды.
қазан
№ К-306 ұңғымасының құрылысы 2020 жылғы 1 қазанда басталып, қысқа мерзімде – 22 желтоқсанда аяқталды.

2019

қыркүйек
«Қазақойл Ақтөбе»  Компаниясы  «мұнай-газ саласында жұмыс істейтін аналарға арналған кәсіпорын» номинациясына ие болды
шілде
Кен орындарын игеру басталғаннан бері 15 млн. тонна мұнай өндірілді
қыркүйек
«Қазақойл Ақтөбе»  ЖШС компаниясының 20 жылдық мерейтойы

2018

мамыр
ИСО 9001:2015 және ИСО 14001:2015 Стандарттарының жаңа нұсқаларына көшу.  Сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ), экологиялық менеджмент жүйесінің (СЭМ), энергия менеджменті жүйесінің (Энм) және кәсіптік денсаулық пен қауіпсіздік менеджменті жүйесінің (Смжбж) табысты жұмыс істеуін растау.

2017

маусым
Компания қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша сенім сертификатын алды

2016

тамыз
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС алғаш рет «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ спартакиадасына қатысты
ақпан  
Ақтөбе облысының әкімдігі, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және “Ақтөбе облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға  қол қойылды.
шілде
Компанияның энергоменеджмент жүйесінің ИСО 50001:2011 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін сертификаттау

2015

 желтоқсан 
Қожасай және Жаркемер кенттерінде қоршаған ортаны бақылау (бұзу) станциялары орнатылды.

2014

тамыз
“Мұнайшы”вахталық кентінде өзіміздің  футбол алаңын ашу
қыркүйек 
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС құрылғанына 15 жыл толуын атап өтті

2013

Наурыз
ҚОА бойынша Әлібекмола мен Қожасай кен орындарын игеру басталғалы мұнай өндіру 10 млн. тоннаға жетті.
қазан
Түйіршіктелген күкірт, құрғақ бензинді газ (СОГ), техникалық пропан-бутан қоспасы (СПБТ) және конденсат шығару басталды
қараша
Компания «Қазақстан көшбасшысы 2013» Ұлттық сертификатымен және «Қазақстан көшбасшысы 2013» естелік қабырға медалімен марапатталдыОткрытие своего футбольного поля в вахтовом поселке «Мунайшы»

2011

Ақпан
Ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасын 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға рұқсат алынды.
Желтоқсан
Интустрияландыру күні аясында Қазақстан Республикасының Президентті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен республикалық телекөпір барысында Ақтөбе облысының әкімі «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының газ өңдеу зауытын салтанатты түрде іске қосты.

2010

Мамыр
Компания мен Ақтөбе облысының әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Мамыр
«Арай» әлеметтік серіктестік бағдарламасы аясында өткізілген конкурстың 57 жеңімпазына грант сертификаттары табыс етілді.
Мамыр
Ілеспе газды кәдеге жарату туралы Мемлекеттік Бағдарламаның және Ақтөбе облысын индустрияландыру жөніндегі өңірлік Картаның аясында Әлібекмола кен орнында ілеспе мұнай газын өңдеу зауытының құрылысы басталуы құрметіне капсула салынды. Газ зауытының жобасы бойынша «УКПГ-50 Әлібекмола» және «УПГ Қожасай» нысандарын салу көзделген.
Тамыз
Қожасай кен орнында қойнауқат қысымын қолдау жүйесі пайдалануға берілді.
Желтоқсан
«Қожасай кен орнындағы мұнай дайындау қондырғысын кеңейту» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.

2009

Қаңтар
ИСО 9001:2008, ИСО 14001:2004, ОКСАС 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестік жөнінде қадағалау мақсатындағы алғашқы аудит өтті.
Наурыз
10.03.2009 ж. «МГҚК Казстройсервис» АҚ-ымен «УКПГ-50 Әлібекмола» және «УПГ Қожасай» газды кәдеге жарату нысандарының құрылысы туралы Шартқа қол қойылды.
Наурыз
Әлібекмола кен орнын игеру басталғалы 5 млн тонна мұнай өндірілді.

2008

Қаңтар
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Қожасай кен орны қорларының қайтадан жасалған есебі мен мұнай алу коэффициентінінің техникалық-экономикалық негіздемесін бекітті.
Наурыз
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі орталық комиссиясы «Қожасай кен орнын игерудің технологиялық жобасы» құжатын бекітті.
Наурыз
Компанияның менеджмент жөніндегі интеграцияланған жүйесі ИСО 14001:2004, ОКСАС 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігі сертификатталды.
Сәуір
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі орталық комиссиясы Қожасай кен орнын игерудің технологиялық жобасын бекітті.
Тамыз
Компания бойынша Әлібемола мен Қожасай кен орындарын игеру басталғалы 5 млн. тонна мұнай өндірілді.
Қазан
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі орталық комиссиясы Әлібекмола кен орнын игерудің нақтыланған технологиялық сұлбасын бекітті.
Қазан
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігі Газды кәдеге жарату бағдарламасын жүзеге асыру мерзімін 01.06.2011 жылға дейін ұзартты.

2007

Қазан
Демеушілік көмек аясында Жем қаласында балалар бақшасы ашылды.
Желтоқсан
Қожасай кен орны мен Әлібекмола кен орнындағы мұнай дайындау қондырғысын жалғайтын мұнай құбыры салынды.
Желтоқсан
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы Әлібекмола кен орны қорларының қайтадан жасалған есебі мен мұнай алу коэффициентінінің техникалық-экономикалық негіздемесін бекітті.
Қожасай кен орнында сынамалы түрде су айдау басталды.
Желтоқсан
Менеджменттің ИСО 9001:2000 халықаралық стандартына сәйкестігі туралы сертификат алынды. ИСО 14001:2004, ОКСАС 18001:2007 талаптарына сәйкестілікті анықтау үшін сертификаттау алды аудит өтті.

2006

Маусым
Әлібекмола кен орнының солтүстік бөлігінде эксплуатациялық бұрғылау басталды.
Маусым
Кенқияқ – Әлібекмола – Ембі 110 кВ жоғары вольтті электр желісі және Әлібекмола кен орнында 110/35/6 кВ қосалқы станциясы іске қосылды.
Қыркүйек
Әлібекмола – Қожасай 35 кВ жоғары вольтті электр желісі және Қожасай кен орнында 35 кВ қосалқы станциясы іске қосылды.
Қыркүйек
«Солтүстік-1» автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысы (мұнай-газ жинайтын коллекторымен бірге) іске қосылды.
Қыркүйек
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі Орталық комиссиясы Қожасай кен орнын сынамалы пайдалануға талдау жасау жобасын бекітті.
Желтоқсан
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі Орталық комиссиясы Әлібекмола кен орнын пайдалануға талдау жасау жобасын бекітті.
22 желтоқсан
Қожасай кен орнында Жем өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.

2005

Сәуір
Әлібекмола кен орнында блокты-тораптық сорғы станциясы пайдалануға берілді.
Қыркүйек
Caspian Investments Resources Ltd Компаниясы «Нельсон Рисорсиз» активтерін сатып алды.
Әлібекмола – Қожасай кәсіпшілікаралық автожолы (65 км) пайдалануға берілді.
Қазан
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігі Газды кәдеге жарату бағдарламасын бекітті.
Қараша
Қожасай кен орнын сынамалы пайдалану мерзімі 2007 жылдың аяғына дейін ұзартылды.

2004

Мамыр
Мұнай дайындау пунктінің өнімділігін тәулігіне 3 300 тоннаға арттыру жөніндегі жұмыстар аяқталды.
Маусым
«Әлібекмола Нефтестрой» консорциумымен ЕРС Келісім-шарты жасалды.
Шілде
Игеру басталғалы Компания бойынша алғашқы миллион тонна мұнай өндірілді.
Тамыз
Компания бойынша мұнай өндіру деңгейі тәулігіне 3 300 тоннаға жетті.
Қыркүйек
Компанияның құрылғанына 5 жыл толды.
Қыркүйек
Әлібекмола кен орнының солтүстік бөлігін игеру басталды.
Желтоқсан
Компания Іскерлік Практикадағы Жоғарғы Сапа Үшін Қорының (Женева, Швейцария) «Іскерлік Практикадағы Жоғарғы Сапа Үшін» Алтын медалімен марапатталды. 
Әлібекмола кен орнында вахталық кенттің құрылысы аяқталды.

2003

Қаңтар
Мұнайды меркаптансыздандыру қондырғысы (қуаты тәулігіне 1 300 тонна) іске қосылды.
Сәуір
Бүгінгі күні Әлібекмола кен орнындағы ең жоғары дебитті ұңғыма – №55 ұңғыма пайдалануға берілді.
Кенқияқ – Атырау мұнай құбырының құрылысы аяқталды.
Сәуір
Мұнай өндіру тәулігіне 1 000 тоннадан асты. Каспий Құбыр Консорциумымен тасымал жөнінде келісім-шарт жасалып, құбырмен мұнай тасымалдау басталды.
Мамыр
«Келлог энд Браун Рут (Halliburton)» Компаниясымен келісім-шартқа қол қойылды.
Маусым
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі Орталық комиссиясы Қожасай кен орнын сынамалы пайдалану жобасын бекітті.
Тамыз
№58 ұңғыма іске қосылды. Тәулігіне 1500 тонна мұнай өндіруге қол жеткізілді.
Желтоқсан
Қожасай кен орнын игеру басталды, №98 ұңғымадан алғашқы мұнай алынды.

2002

Мамыр
«ҚазТрансОйл» Компаниясы Әлібекмола – Кенқияқ және Кенқияқ – Атырау мұнай құбырларының құрылысын бастады.
Тамыз
Қуаты тәулігіне 1 300 тонна мұнай дайындау пунктінің құрылысы аяқталды.
Қыркүйек
Әлібекмола – Кенқияқ мұнай құбырының құрылысы аяқталды.
Желтоқсан
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі Орталық комиссиясы Әлібекмола кен орнын толық масштабты игеру жобасын (технологиялық сұлбасын) бекітті.
Желтоқсан
Қожасай кен орнында 230 км2 алаңды қамтитын көлемді 3Д сейсмикалық барлау аяқталды.

2001

Сәуір
ҚР Энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің Игеру жөніндегі Орталық комиссиясы Әлібекмола кен орнын сынамалы-өнеркәсіптік пайдалану жобасын мақұлдады. Кен орнында жұмыстар басталды.
Наурыз–Желтоқсан Кәсіпшілік жолдары, жинау линиялары, лагерьлер мен имараттар салынды.
Сәуір Әлібекмола кен орнында 190 км2 алаңды қамтитын көлемді 3Д сейсмикалық барлау басталды.
Шілде Әлібекмола кен орнында №51 алғашқы ұңғыманы бұрғылау басталды.
3 желтоқсан Әлібекмола кен орнында тұңғыш рет мұнай алынды.

2000

Шілде
«Нельсон Рисорсиз» «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ына тікелей қатысудың 50% үлесін сатып алды.

1999

Қыркүйек
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС құрылды.