Наурыз айы мейрамға толы .

27.06.2023

Наурыз айы- мейрамдар айы. Көктемнің басы- Халықаралық әйелдер күнімен бастау алса, артынан ұмыт боп бара жатқан көне Көрісу күні мұрын тіреп, 22-де Наурыз мейрамына ұласып жатады.

Көктемнің алғашқы күні- күннің жайма шуағындай өмірімізге нұры мен жылуын шашатын аяулы аруларымыздың мейрамы. Атаулы мейрамда нәзік жанды- бірімізге асыл әже,ардақты  ана, аяулы жар және қарындас болатын қыз-келіншектерімізді таңның атысымен компаниямыздың Жас мамандар және қызметкерлер одағының мүшелерімен қатар, жігіттер қауымы гүл шоғымен қарсы алды. Компаниямыздың арулары үшін  сыйлық қораптары мен сыйлық сертификаттары тарту етілді. Жиналыс  залында компания басшыларының мерекелік құттықтауы жалғасын тауып, барлық бөлімдерге тәттілер үлестірілді.

Әлібекмола және Қожасай кенорындарының  аруларына Жас мамандар және қызметкерлер одағы атынан жеміс корзиналары мен сыйлық қораптары жеткізілді.

Көрісу күніне орай, «Тіл- ұлт қазынасы» атты  тақырып аясында компаниямызда Ана тіліміздің мәртебесін көтеру, дамыту мақсатында , сонымен қатар ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу мақсатында «Көрісу» көрінісі көрсетілді. Атаулы көрініске компаниямыздың  ең алғыр, өнерлі қызметкерлері белсенділік танытып, ат салысты.

Мейрам күні кішкентай бүлдіршіндердің күресі, хан талапай сияқты спорттық ойын түрлері, Қара жорға биі, селт еткізер, бастаңғы, қыз бен жігіт айтысы,құда түсу, қыз ұзату  тәрізді ұлттық дәстүрлер көпшілік назарына паш етілді.

  Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде

Сен болмасаң болар ертең күнім не?

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен.

Қазақ болып қалу үшін түбінде.- деп жырлағандай, қазіргі кездегі тіл мәселесі- өзекті мәселе болып тұрғаны баршамызға  аян.  Ана тілімізде өткен көрінісімізде ұлттық аспабымыз күмбірлеген домбыраның үнімен көмкеріліп, Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі  оқылып, тіл-ұлт жанашырларына үн тастағандай.

Көрісу бұл- Амал мерекесі. Амал келді-жыл келді деген. Қыстан аман-есен шығып, көптен бері бірін-бірі көрмеген ағайын-тума бар өкпе-ренішін ұмытып, жасы кішілер үлкендерге көрісіп келген. Қыс бойы жинаған сыбағаларын келген қонақтарына арнап әзірлеген. Бұл күні үйдің таза болуы, көңілі реніштен айығып, жаңа күнге , жаңа өмірге ары мен жаны таза қалпында қадам басқан. Бір-біріне ең жақсы сыйлықтарын ұсынып, жақсы тілектерін айтып, ең әдемі киімдерімен ел аралап көріскен. 

Таңмен таласа дастархан жайып, құрт-майы, ірімшік-балқаймағын, қазы-жаясын, ыстық бауырсағын молынан пісіріп, етін асып, көжесін қайнатып күткен, ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, той әрі қарай жалғаса берген.

Көрісу күні  қызметкерлерге ұлттық тағамдар – шұбат, құрт, бауырсақ, қазы-жая және көже ұсынылды.

22 Наурыз мейрамы да көңілден таса қалмады.  Наурыз мейрамы  қарсаңында қызметкерлерге Наурыз көже, бауырсақ және палау дәмдерінен ауыз тиу ұсынылды. Наурыз мейрамына байланысты «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қызметкерлері арасында «Қош келдің Әз-Наурыз»  атты онлайн байқауы жарияланып, келесідей номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.

 «Ұлттық киім» номинациясы бойынша ең әдемі, көркем костюм, тақырыптың толық ашылуы бойынша бағаланды.

 Ақ кимешек басында,

Қара шашын жасырған.

Қынама бешпет киінген

Мың сәлем салып  иілген-, демекші қазақ аруларымыздың образы жаныңды жадыратып, көзді тойдыратыны сөзсіз.

«Мәнерлеп оқу сайысы»

«Музыкалық байқау»  сайысында қатысушылардың бірі мың бұрала билесе, енді бірі тамылжыта ән салып, қос ішекті жырлатып, күй де ойналды.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылар грамоталармен және  ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар Әлібекмола және Қожасай  кенорын қызметкерлері арасында Наурыз мейрамына байланысты спорттық ойын түрлері:

  • Қол күрес
  • гір көтері
  • арқан тарту

 бойынша жарыс өткізілді. Жігіттер намысқа тырысып, гір көтеріп жарысса, білек күштерін сынасып, мәз-мейрам болды. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылар құтықтау грамоталарымен және «Мечта» техникалық дүкенінің сыйлықтық сертификаттарымен марапатталды.

Жаңа Жыл басымыз жақсылықпен, молшылықпен басталып, ел бірлігі жарасқан Тәуелсіз елмізідің дамуына ат салысуда еренбек еңбек етуге біз дайынбыз.

Жылымыз құтты болғай, ырыс-несібеміз артып, әр жанұяда құт пен береке орнасын.