Мини-футболдан достық кездесу

12.06.2012

2012 жылғы 25 мамырда Байғанин ауданының орталығы – Қарауылкелдіде мини-футболдан ҚОА мен осы ауданның екі командасы («Локомотив» футбол клубы мен кенттің құрама командасы) арасындағы достық кездесу қызықты, тартымды өтті.

Ойын алдында Байғанин ауданының әкімі М.Д.Аққағазовтың қатысумен салтанатты шара ұйымдастырылды, одан соң №3 орта мектептің өнерпаздары кездесуге қатысушыларға арнап концерт қойды. Естелік ретінде ҚОА командасы қарауаылкелділік құрама команда мүшелеріне спорт киімі мен футбол добын сыйлады.

Бірінші ойында біздің аяқдопшы спортшылар «Локомотив» командасымен кездесті. 2:1 есебімен біздің команда жеңіске жетті.

Екінші ойында да ҚОА командасы қарсыластарынан (байғаниндіктердің құрама командасын) 3:1 есебімен басым түсті.