Мерейтойлық мұнай
02.08.2019
2019 жылғы 25 маусымда «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС кен орындарын игеру басталған кезден бері 15 000 000 тонна мұнай өндірді.
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе қаласынан оңтүстікке қарай 250-270 км. орналасқан Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы екі газконденсатты кен орындары – Әлібекмола және Қожасайды игерумен айналысады. Кен орындарының сонау 1980 жылдары ашылған күрделі тау-кен-геологиялық құрылымы, күкртті сутегі мен меркаптандардың жоғары мәні оларды игеруді тежеп отырған болатын, сол себепті «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС 1999 жылы құрылғаннан бастап, оны игеру мүмкін болды.
Әлібекмола кен орыны 1987 жылы ашылды. Геологиялық-барлау жұмыстарын Кеңқияқ геологиялық-барлау және Ақтөбе жерді барлау экспедициясы жүргізді. Барлау жүргізілген жылдар 1987 -1994- саяси және экономикалық дағдарыстармен тұспа-тұс келіп, оның салдарлары кен орындарын игеруде көп қиындықтарын тигізді. Соған қарамастан, 1994 жылы Әлібекмола кен орнының қорлары Қазақстан Республикасы геология және жер қойнауын қорғау Министрілігінде бекітіліп, 1999 жылға дейін кен орны Республикасының резервінде болды.
Сол жылдың 28 қыркүйегінде «Қазақойл» ұлттық компаниясы (бүгінгі таңда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ), директорлар Кеңесінің шешімімен «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС еншілес кәсіпорынын құрды. Осы сәттен бастап Әлібекмоланы жобалап, игеру бойынша жұмыстар басталды. 2001 жылғы 3 желтоқсанда кен орнында бірінші мұнай алынды.
Тез арада мерзімінен бұрын өндірістік көрсеткіштерге «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС ұжымының біріккен жұмысы, қызметкерлерінің кәсіптік шеберлігі, ерен еңбегі мен жоғары корпоративтік рухы арқасында қол жеткізілді.
Компанияның маңызды жетістігі Қазақстандық мұнайдың 120- жылдық мерейтойы мен «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС 20- жылдығымен қатар келгені өте қуантарлық жәйт!
Бұл орын алып отырған жағымды жаңалық- Компанияның әрбір қызметкерінің күнделікті еңбегінің, жоғары кәсіби шеберлігінің және ұжымның бірікккен іс-қимылының нәтижесі.
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС өзінің жұмысымен еліміздің экономикасының дамуына және халықтың әл-ауқатының артуына лайықты ықпал ете отырып, Қазақстан Республикасының мұнай саласының дамуына маңызды үлесін қосып отыр және әрі қарай да қол жеткізген қарқындарын сақтап, жүргізіліп отырған жұмыстың нәтижелерін жетілдіруге тырысады.