«Менің елім – Мәңгілік Ел» жалпыреспубликалық акциясы

30.12.2016

2016 жылғы 19 қараша күні Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік Ел» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, әлеуметтік жауапты компания ретінде, осы акцияны ілтипатсыз қалдыра алмай, оған белсеңе қатысып, «Мәңгілік Ел» бағдарламасы шеңберіндегі құндылықтарды қолдауына және назар салуына өз үлесін қосқан. Осыған байланысты, Компания әлеуметтік-қорғалатын санаттағы Ақтөбе тұрғындарын қолдау мақсатында 900 000 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек бөлген. А. Досжанова атындағы конференц-залында Ақтөбе облысы әкімінің, этностық-мәдени бірлестік мүшелерінің, барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің, бизнес-қоғамдастықтардың, қоғам қайраткерлері мен студент жастардың қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-інің бас директоры Вэн Синфан (Weng Xingfang өзі жеке әртүрлі себептермен қиын өмір жағдайларға ұшыраған отбасыларға сертификаттарды тапсырған.

Компания үшін өз кәсіби қызметінен бөлек, өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуге талпынуда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, қайырымдылық пен демеушілік көмек көрсету басым мақсаттар болып табылады. Байғанин және Мұғалжар аудандары мен Ақтөбе қаласының тұрғындарына, денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет саласындағы мекемелерге әлеуметтік мәселелерді шешуге өз үлесімізді қосып, атаулы көмек көрсетуді өз борышымыз деп санаймыз. Біз үшін көп балалы, тұрмыс төмен отбасылар, мүгедек адамдар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілердің ілтипатсыз қалмауы аса маңызды болып табылады.