«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ЖЕҢІЛ БОЛСЫН»
01.11.2016
Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы» тапсырмасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 1-29 тамыз аралығында «Мектеп жол» Республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС орнаған дәстүр бойынша аталмыш акцияға белсене қатысқан, Компания алты жыл бойы жыл сайын әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан және жетім, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жүзден астам балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсетіп отырады.
Мұнайшылар ұжымы, олардың тарапынан көрсетілген қолдауы осындай балалар үшін білімге жолдарын жеңілдетті деп үміттенеді. Бұл жолы компания өкілдері жаңа оқу жылдың басына қарай Мұғалжар және Байғанин аудандарының балаларына барлық оқуға қажетті құралдарды, портфельдерді, спорт және мектеп киімдер мен аяқ-қиімдерді жеткізген.
Қайырымдылық акциясы Компанияның жер қойнауын пайдалану аймағының аумағымен ғана шектелген жоқ, облысының әкімшілік орталығы мен Ақтөбе қаласының №7 мамандандырылған мектеп оқушыларын да оқу құралдармен портфельдер, киім мен аяқ-киімдермен қуантқан.