«Мектепке – жол» – білім әлеміне жол
19.02.2013
Осы оқу жылынан бастап Мұғалжар және Байғанин аудандарының көптеген оқушылары тек қана «төрт» пен «беске» оқитын болады. Қалай болғанда да, олар білім күні қарсаңында а келген демеушілеріне – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қызметкерлеріне осылай деп уәде етті. Әрине, қонақтар бос келген жоқ: тартулары мен сыйлықтарын ала келді. 1 000 000 жуық теңге – мұнайшыларды республикалық « Мектепке – жол» акциясына қосқан үлесі, міне, осындай қомақты.
Реті келгенде айта кету крек, мұндай көмекті Компания үш жыл қатарынан көрсетіп келеді.
– Өткен жылы «Тәуелсіздіктің 20 сабағы» шарасы аясында біз Ақтөбе қаласындағы мүгедек балаларға 5 ноутбук пен принтерді сыйладық, – дейді «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының жұртшылықпен байланыстар жөніндегі менеджері Гауһар БОРАШЕВА. – Ал биыл жетім балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасы балаларына оқу құралдары мен рюкзактарды тарту етуге шештік. Компания басшылығы осы мақсаттарға бір миллион теңгеге жуық қаржы бөлді.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігі бұл акцияны аз қамтылған отбасы балаларын қолдау, ауыр жағдайдағы отбасына қоғам назарын аударутұрғындар мен еңбек ұжымдарының қайырымдылық жасау жөніндегі белсенділігін арттыру мақсатында өткізеді.
«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС сияқты әлеуметтік тұрғыдан жауапкершілігі мол Компания, әрине, мұндай игі шаралардан шет қала алмайды. Жалпы жетім балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға Серіктестік 10 жыл бойы жәрдем көрсетіп келеді.
Жыл сайын 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні қарсаңында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС дәстүр бойынша Алға балалр үйінде тәрбиеленетін кішкентай достарына, сондай-ақ жер қойнауы пайдаланылатын аймақтарда тұратын балдырғандарға қайырымдылық көмек көрсетіп отырады. Бұл жолы мұнайшылар ұжымы 52 оқушыны мектепке әзірлеуге ұйғарды. Оларға іші оқу құралдарымен толы рюкзактер табысталды.
Алыс та болса, жақын Батпақкөл
Мұғалжар ауданы Батпақкөл селолық округіне қарасты Жаркемер ауылы Әлібекмола кен орнына жақын орналасқан. Жергілікті 1946 жылы салынған бастауыш мектепте, мектеп директоры Шарбану Жарасованың айтуынша, отызға жуық бала оқиды. 6 оқушыға Компания өкілдері мектепке жол ашып, дәптерден бастап, түрлі-түсті қағаз салынған рюкзактерды ұсынды. Бар болғаны 148 адам тұратын кішкентай ғана шалғайдағы ауыл үшін қамқоршы шефтерінің келуі – үлкен оқиға. Мерекеге қатысуға балаларына еріп ата-аналар да келді.
Қожасай негізгі мектебінің алдында (мектеп 1973 жылы тұрғызылған екен) қонақтарды мектеп директоры Медет ШӘРІПОВқұшақ жая қарсы алды.
– 2006 жылы мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өткен, жаңа оқу жылына біз сақадай-сай әзірміз, дейді жас директор. – Ұстаздар ұжымы мен оқушылардың көңіл күйі өте көтеріңкі. Олай болмағанда ше?!… Сіздердің көмектеріңізге дән риза балалар жақсы оқимыз деп барын салмақшы. Және бір жақсы нышан – оқушылар саны биылдан бастап артуда, демек, біздің болашағымыз бар. Бұл ең басты мәселе.
Бояуы кеуіп үлгермеген класта Гауһар Борашева 11 оқушыға сыйлықтарды табыстады. Барлығы Мұғалжар ауданы бойынша мұнайшылар 18 балаға мектеп табалдырығынан аттауға атсалысып. көмек берді.
Батпақкөл селолық округінің әкімі Жазықбай АЛДАНИЯЗОВ «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ына моральдық және материальдық жәрдемі үшін жерлестері атынан шынайы алғысын білдірді.
– Мұның бәрі өте қуаналық, өте құптарлық жәйт, – дейді округ әкімі, – Мұнайшылардың қолдауына рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Сонымен қатар, шынын айту керек, кей жағдайларда демеушілердің шаруашылық мәселелерін шешудегі көмегіне зәру боламыз. Әйтеуір, сөзімізді далаға тастамайды. Мәселен, қысқы кезеңде жолдарты күтіп ұстау, тазарту жөнінен, жергілікті тұрғындарды еңбекке орналастыруда мұнайшылар бізге көмек қолын ұсына білді.
Батыр атындағы мектепте
Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықов атындағы орта мектеп (1995 жылы тұрғызылған) ұжымы (Байғанин ауданы, Қзылбұлақ селолық округі) ескі достарын күтіп алуға тым жақсы дайындалыпты. Тіпті шағын концерт те қойылды. Жазғы каникулдың соңғы күндері болса да, акт залы халыққа лық толды. Балаларын қуанышы бөлісуге ұстаздар, ата-аналар, ата-аналар комитетінің мүшелері, еек ардагерлері де келіпті.
Мектеп директоры Миргул ДУСИПОВА өз мектебі жайлы былай деп әңгімелеп берді: мектеп 320 орындық, ал Қожабай Жазықовтың 90-жылдығына орай жаңа ғимарат тұрғызылды, екінші жыл пайдаланылуда.
Село облыс орталығынан 300 км, аудан орталығына 120 км қашықтықта орналасса да, шалғай ауыл мектебі оқушыларының қаладағы құрбы-құрдастарынан еш айырмашылығы жоқ, олар да келешекке мол үмітпен қарайды. Дегенмен де, облыстағы өзге мектеп түлектерінен бір өзгешелігі – жазықовшылардың қосымша бір шақыртақы алуға құқығы бар. Мектептің 2011 жылғы түлегі,
«Алтын белгінің»ң 2011 жылғы түлегі, «Алтын белгінің» бірден-бір иегері, Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеттің студенті Тогжан ҚОҢЫРАТБАЙ оқуға деген ынтасының, еңбекқорлығының арқасында мемлекеттік шәкіртақымен қатар Қожабай Жазықой атындағы стипендияны да алады. Демеушілерге алғыс сезімін білдіріп сөз сөйлегендер осындай игі істерді мысал қылып келтірді.
– Даналардың бір сөзі бар: «Бала күлкісі мен шаттығынан артық бақыт жоқ». – Шындығында солай емеспе? – деді Миргул Дусипова. – Өңірде мұнай мен газ өндіру көлемі жөнінен екінші орын алатын кәсіпорынның жылдан жылға әлеуметтік жауапкершілігін растап отыруы бізді қатты қуантады, ауыл проблемаларын шешуге қосып жүрген үлестері айтарлықтай.
Қызылбұлақтықтардың қол соғып қошеметтеуімен 32 оқушы мектепте оқуға қажетті құралдары бар ранецтерді сыйға алды.
Өз кезегінде қонақтар да құр қол қайтпады. Ризашылық сезімін білдіре отырып, мектеп директоры Серіктестік өкіліне «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директоры Андрей РЕШЕТНЕВТІҢ қолына Алғыс хатты табыстауды өтінді.
«Мектепке – жол» акциясы Ақтөбе қаласында жалғасты. Екі оқушыға мұнайшылар мектеп формасы мен аяқ киімді тарту етті. Баланың аты – бала, алған бойда киіп көріп, қуанып жатты. Шындығында да, балаға бақытты болу үшін көп нәрсе қажет пе өзі?!…
Ляззат ЕГИБАЕВА