Мектепке жол
03.09.2025
«Kazakhoil Aktobe» ЖШС «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысты
Ізгі дәстүрге айналғандай, компаниямыз жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» республикалық акциясына белсене қатысып келеді. Акцияның басты мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету. Сонымен қатар, бұл бастама әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармай қалудың алдын алуға бағытталған.
Биылғы жылы «Kazakhoil Aktobe» ЖШС жалпы сомасы 8 миллион теңгеге 844 мектеп құрал-жабдықтар жинағын сатып алып, кен орындарына жақын орналасқан елді мекендердің балаларына және Ақтөбе қаласындағы қоғамдық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне табыстады.
Көмек төмендегі өңірлердің балаларына көрсетілді:
📍 Мұғалжар ауданы Қандыағаш қ., Ембі қ., Жем қ., Батпақкөл, Құмжар, Еңбек, Жұрын, Мұғалжар, Егіндібұлақ ауылдық округтері;
📍 Байғанин ауданы, Қызылбұлақ, Жарқамыс ауылдық округтері
📍 Ақтөбе қаласы Астана ауданы
📍 Облыстық білім басқармасы
Біз үшін білім – болашақтың берік іргетасы. Жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде балаларға қолдау көрсету арқылы біз өскелең ұрпақтың дамуына және өңірлеріміздің игілігіне үлес қосып келеміз.




