Мақсаттар, тәуекелдер, шешімдер: «Қазахойл Актобе» ЖШС басшыларына арналған стратегиялық курс.

11.07.2025

2025 жылғы 4 шілдеде «Қазахойл Актобе» ЖШС құрылымдық бөлімше басшыларына арналған «Мақсаттар, тәуекелдер, шешімдер: басшыларға арналған стратегиялық курс» тақырыбында оқыту курсы өткізілді.

Бағдарламаның мақсаты – біздің басшылардың басқарушылық құзыреттері мен стратегиялық ойлау қабілеттерін дамыту. Бұл оларға белгісіздік пен өзгерістер жағдайында компания мақсаттарына тиімді жетуге мүмкіндік береді.

Курс аясында келесі маңызды тақырыптар қарастырылды:

            •          мақсаттарды барлық деңгейде дұрыс тұжырымдау және жіктеу жолдары;

            •          операциялық және стратегиялық қызметке байланысты тәуекелдерді анықтау және басқару әдістері;

            •          бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ететін шешім қабылдау тәсілдері;

            •          стратегияны сәтті іске асырудағы бөлімшелер арасындағы өзара әрекеттестіктің рөлі.

Оқыту интерактивті форматта өтті: іс-тәжірибелік кейстер, іскерлік ойындар, топтық талқылаулар және қатысушылар күнделікті жұмысында бірден қолдана алатын практикалық құралдар ұсынылды.

Біз мұндай оқытудың – қызметкерлерді дамытудың ғана емес, сонымен қатар компанияның ортақ мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды қадам екеніне сенімдіміз.