Мұнайшылар күніне арналған Спартакиада
29.08.2025
2025 жылғы 21–23 тамыз аралығында Алибекмола мен Қожасай кен орындарында, сондай-ақ Ақтөбе қаласында мұнай-газ саласы қызметкерлері күніне орай дәстүрлі КОА Спартакиадасы өтті.
Жарыс бағдарламасына мини-футбол, волейбол, арқан тарту, боулинг, үстел теннисі және бильярд спорт түрлері енгізілді.
Қызметкерлер жоғары спорттық дайындықтарын, командалық рух пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға салтанатты түрде грамоталар, медальдар, кубоктар және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Спартакиада — компаниядағы бірлікті нығайтатын, дәстүрді жалғастыратын және салауатты өмір салтын насихаттайтын маңызды шара болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, ал барлық қатысушыларға белсенділік пен лайықты ойындары үшін алғыс білдіреміз!




