Компанияның жас мамандары мен жас қызметкерлері кен орнында әріптестерін құттықтады

19.02.2013

Жаңа жыл – адамзат баласы үшін қашан да үнемі аңсап күтетін қуанышты мейрамдардың бірі. Шындығында да, желтоқсан айының алғашқы күндерінен басталатын жаңажылдық эйфория ескі жаңа жыл туғанша жалғасатынын қалай түсіндіруге болады?!… Бала күнімізден бастап бұл мейрам бізбен бірге, Жаңа жылды барша халық жанға дару болатын жаңа мезеттерді әкелетін шақ деп бағалайды. Құттықтаудың, ыстық ықыласпен айтылған сөздердің лайым артығы жоқ. Осы ізгі ұстанымға сүйенген Компанияның жас мамандары мен жас қызметкерлері 2012 жылғы 26 желтоқсанда кен орнына барып, әріптестерін Жаңа, 2013 жылмен шын жүректен құттықтады. Құттықтап қана қоймай, Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен әрбір цехта естелік тартуларын табыстады. Ал кешкісін «Мұнайшы» тұрғын үй кешенінде жастар ұйымы атынан жаңажылдық шоу-бағдарламамен Батыс Қазақстан медициналық академиясының «Абзал жандар» атты КВН командасы мен «Қорган музыкалық триосы өнер көрсетті.