Компанияның жас мамандар мен жас қызметкерлер кеңесінің мүшелері салынып жатқан газ өңдеу зауытына барып қайтты

26.09.2011

Қыркүйек айында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының жас мамандары мен жас қызметкерлер кеңесінің мүшелері Бас директор А.В.Решетнев бастауымен Әлібекмола кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытына барып қайтты.

Бұл зауыттың Компания үшін, бүкіл еліміз үшін маңызы зор. Құрамында 2 зауыт бар бұл жоба ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасы мен Ақтөбе облысын индустрияландырудың өңірлік картасы аясында жүзеге асырылуда. Қожасай кен орнында мұнай дайындау қондырғысы, ал Әлібекмолада газды кешенді өңдеу қондырғысы бой көтереді. Аталған зауыттарда шикізат толық өңделгенде жылына 320 млн текшеметр газ өндірілетін болады, оның 80% Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ құбыры бойынша Қытай еліне сатылады, ал 20% жақын орналасқан елді мекендерде тұрмыстық «көгілдір отын» ретінде пайдаланылатын болады.

Экскурсия басталмастан бұрын жас қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаждан өтіп, жеке қорғану құралдарын алды.

Салынып жатқан кәсіпорынмен танысу кезінде жас мұнайшылар құрылыс барысымен танысты, оның құрылымы туралы мағлұмат алды.

Экскурсия арнаулы ұйымдастырылған тұсаукесер рәсіміне жалғасты. Тұсаукесер шарасы барысында жігіттер мен қыздар сұрақтар қойып, толық жауап алды. Әрине, сұрақтар зауыт тақырыбымен шектеліп қоймады: ұтымды сәтті пайдаланып, жас мамандар Компанияның Бас директорымен өздерін толғандырып жүрген өзге де мәселелер бойынша пікір алысып, еркін сұхбаттасты.