Көктем, қуаныш, Наурыз!
12.07.2012
Наурыз мейрамы – көктемгі жаңару кезеңі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз –жаңа жылдың бірінші күні, бұл күні күн мен түн теңеседі. Қазақстандықтар үшін бұл жыл басы, байлық-берекет, жаңа ұмтылыс, жаңа армандар, жаңа белестер мерекесі болып табылады.
Наурыз мейрамы қарсаңында, 20 наурызда кәсіпорында салтанатты жиналыс өтті, онда Компания басшылығы ұжымды жарқын мерекемен құттықтап, жаңа табыстар тіледі.
Наурыз – жыл басы, береке басы. Мұны жақсы түсінген жас мамандар мен қызметкерлер кеңесінің мүшелері, жас келсе іске дегендей, қол қусырып отырмады: Компания офисінде олар ұйымшылдықпен ұлттық тағамдардан мерекелік дастарқан жайып, барлық қызметкерлерді шақырып, қонақжайлылық көрсетті.
Басты шаралар Тұңғыш Президент атындағы саябақта өтті. Мұнда Компания киіз үй тігіп, дастарған жайып, қонақ күтті. Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетов пен Ақтөбе қаласының әкімі Е.Б.Омаров отау ішіне бас сұғып, арнайы құттықтауларын жеткізді. Қала халқы мұнайшылар әзірлеген наурыз көже мен бауырсақтан дәм татып, ризашылықтарын білдіріп, игі табыс пен жақсылық тілеп жатты.
Наурыз мейрамын тойлауға белсене атсалысқаны үшін «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ының Бас директоры А.В. Решетневқа Ақтөбе қаласының әкімі Е.Б.Омаровтың атынан Алғыс хат табысталды.