Халықаралық балаларды қорғау күні

14.06.2011

Жаздың бірінші күніне келетін балаларды қорғау күні – бүгінгі күнде көптеген елдерде аталып өтетін ескі халықаралық мейрам. «Казахойл Актобе» Компаниясында да әр бала қүнделікті қамқорлықты, қорғаныс пен көңіл бөлуді қажет еткендіктен әртүрлі шаралар өткізу арқылы атап өту дәстүрге айналды. Ағымдағы жылда Баларды қорғау күніне арналған шаралардың барлығы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдығы және «ЛУКОЙЛ». ААҚ 20-жылдығын қамтыды.

Мейрамға қарсы, 26 мамырда кеңсенің фойесінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдығына арналған «Менің Отаным-Қазақстан»тақырыбында және «ЛУКОЙЛ». ААҚ 20-жылдығына «Менң ата-анам жұмыста» тақырыбында балалар сурет көрмесі өткізілді. Онда 30-дан астам Компания қызметкерлерінің жұмыстары көрсетілді. Ал 27 мамыр күні нәтижелерді жарияланды, 6 жеңімпазға бағалы сыйлықтар әуенді орталық, фотоаппараттар, ұялы телефонда берілді.

Бүгінде Білім беру Министрлігінің ақпараты бойынша Қазақстан Республикасында туылғаннан кәмелет жасына дейін бес миллион шамасында балалар тұрады. Олардың ішінде 38 мыңнан астамы жетім және ата-ананың қамқорысыз қалған балалар, олардың әрқайсысы түрлі қамқорлықты қажет етеді. Жылдық дәстүр бойынша Бас директор А.В. Решетнев бастаған Компания қызметкерлері қамқорлыққа алынған Алғалық жетімдер үйінде болды. Балалар мен жас өспірімдерге дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау барысында «Казахойл Ақтөбе» Компаниясы ағымдағы жылда балалар үйіне спорттық құрал-жабдық (боксшы қапшығын, велосипедтер, скейттер, роликтер, т.б.) сыйлады. Және де дәстүр бойынша балаларға 800 үлес балмұздақ сыйға тартылды. Тәрбеленуші балалар барлық келген меймандарға әндермен және билермен концерттік бағдарлама дайындапты. Бүгінде Алға балалар үйінде 380 бала тәрбиеленуде.

Бұл күні Мұғалжар ауданының Батпақкөл ауыл округінің балалары да құр қалмады.. 2 маусым күні Жағабұлақ ауылында қайырымдылық акциясы өтті.. Балаларды, сонымен қатар балабақша территориясына жиылған олардың ата-аналарын және әже-аталарын бас директордың орынбасары С.А.Изимбетов құттықтады. «Казахойл Ақтөбе» Компаниясының қолдауымен «Алакай» қуыршақ театрының қойылымы өтті. Балаларға өте ұнады, олар кейіпкерлерді сомдаумен болды. Және де Компания атынан жиналған барлық балаларға тәттілер сыйға тартылды. Алғысқа балалар «Қара жорға» биін үлкендерге сыйлады.

• Қаламызда мүмкіншіліктері шектеулі балалар да аз емес. Ноутбуктар мен 5 принтер «Казахойл Ақтөбе» Компанисының басшылығымен 5 мүгедек балаға демеушілік жәрдем көрсетілді.

Жақсы бала өсірудің үздік әдісі – оларды бақытты ету!
Оскар Уайльд