Халықаралық Балаларды қорғау күні

12.07.2012

Осы мейрамға орай Компания бірқатар шаралар өтті:

2012 жылғы 24 мамырда Компания қызметкерлері балалары қолөнер туындыларының конкурсы қорытындыланды. Конкурсқа барлығы 44 жұмыс түсті. Балалар шығармашылығы лайықты түрде бағаланып, қай-қайсыны да еңбектері елеусіз қалмады: оларға Компания мен кәсіподақ ұйымы атынан сыйлықтар табысталды.

11-14 жас аралығында А.Тыныштық 1-ші орынға шықты.

6-10 жас аралығында 1-ші орынды М.Райжанова иеленді.

5 жасқа дейінгі топта 1-ші орынды А.Маханова жеңіп алды.

1 маусымда Компания басшылығы жас мамандар мен қызметкерлер кеңесінің мүшелері Алға балалар үйінде қойылған концерттік бағдарламаға атсалысты. Мереке құрметіне Компания балалар үйі тәрбиеленушілеріне компьютер мен 500 кг. жуық жеміс-жидек пен тәттілерді сыйға тартты.

1 маусымда Байғанин ауданының орталығы – Қарауылкелдіде біздің Компанияның демеушілігімен «Екі езу» эстрадалық миниатюралар театрының қойылымы өтті. Осы ауданда тұратын 20 жетім балаға қайырымдылық жасалып, сандық фотоаппараттар, велосипедтер мен тәттілер тарту етілді. Аудан әкімі көрсетілген демеушілі көмегі, ауданның әлеуметтік өмірініе қосқан үлесі үшін біздің Компанияның Бас директорына ырзашылығын білдіріп, Алғыс хатын жолдады.