Футбол: өз алаңымыздағы алғашқы жеңіс

22.08.2014

Өткен сәрсенбіде Компания бойынша мини-футболдан біріншіліік өтті. Ең үздік ойыншылар Астана қаласында өтетін корпоративтік жарыстарда Серіктестің намысын қорғайтын құрама командаға кіреді. Атап өтетін жәйт, «Мұнайшы» вахталық кентіндегі бұл жаңа футбол алаңы Компанияның 15-жылдығы қарсаңында пайдалануға берілген болатын. Бір айдан соң осындай жаңа алаң Қожасай кен орнында да ашылмақшы.

Мерейтойға арналған шаралар 16 тамызда басталды, алғашқы болып боулингшілер мен бильярдшылар бақ сынасты.

20 тамызда жаңа футбол алаңында кен орны мен офис құрама командалары кездесті. Бірден айтып қояйын, ойын 6:4 есебімен вахташылардың «Мұнайшы» командасының пайдасына аяқталды. Жолдастық кездесу болғанымен, бұл матч өте тартысты өтті.

Төрешілер – Максим СУББОТИН мен Вячеслав КОРЫШЕВТІҢ ысқырығынан соң жанкүйерлердің қызу қолдауымен алғашқы матч басталып та кетті.

Жоғарыда айтқанымыздай, матч өте тартысты өтті. Екі жақ та беріспеуге, гол салуға тырысып-ақ бақты. Өз ойыншылары тарапынан доп соғу мүмкіншілігі туған сәттерде қызба жанкүйерлер орындарынан атып тұрып, ұран тастай, демеп бақты. Кейбір шыдамсыздар тіпті дөрекілік көрсетіп, төрешілер Субботин мен Корышевке наразылықтарын білдіріп: «Судью на мыло!» деп дауыстап айқайлап жатты. Сыр білдірмеген қақпашылар ғана болды, бірақ олар да кейде шыдай алмай, әріптестеріне көңілдері толмай, ескерту жасап жатты.

Негізінен екі команданың шабуылшылары да нашар ойнаған жоқ. Дейтұрғанмен, үздіктердің үздігі ғана екі доптан сала алды, олар «Мұнайшы» командасынан Бағдат ӘЛИЕВ, лаборант, Серік УНАШЕВ, тауар операторы, Евгений САВИНОВ, химанализ лаборанты және Рустам ҚҰЛСҮГІРОВ, машинист. Ең үздік қақпашы болып Қуаныш ТІЛЕУБАЕВ, көлік қызметінің жетекші маманы (Әлібекмола) танылды.

Жабу рәсімі ашылу салтанатынан бір де кем түспеді. Жеңімпаз команданың капитаны Евгений Савиновке диплом мен арнаулы кубок табысталды, ал команданың әрбір мүшесі медальдар мен 20 мың теңгелік сертификатпен марапатталды.

Әсия Суханова