Еңбекті қорғау және қоршаған орта жаңалықтары

31.05.2019

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС  «ҚазМұнайГаз» компаниясы топтары ішінен еңбек және қоршаған ортаны қорғау қызметтері директорларының 20-жылдық мерейтойлық отырысына қатысты. Отырыс а.ж. 29-30 сәуірінде  Ақтау қаласында өтті. Аталған іс-шараға «ҚазМұнайГаз» компаниялары топтары мен оның мердігерлік ұйымдарынан экологиялық нормалар сақтауға,  қауіпсіздік пен қызметкерлер еңбегін қорғауды қамтамасыз етуге жауапты 140 адамнан  астам  қызметкерлер қатысты. Аталмыш  отырыстар  қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың ағымдағы жағдайын бағалау, оларды әрі қарай жетілдіру, жалпы ортақ  мәселелерді талқылау және оларды шешу үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында жыл сайын өткізіледі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Басқарушы директоры Винсент Спинелли өз сөзінде  «2018  ҚМГ компаниясы топтарында соңғы 4 жылда қауіпсіздік және еңбекті қорғау көрсеткіштері бойынша ең үздік болып табылды», -деп хабарлады. Атап айтсақ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС   соңғы 3 жылда жазатайым жағдайлар мен жарақат алу  тіркелмегендігін айтты.

Отырыс барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің басшысы  Урымбасаров Джанбулат Избергеновичті  еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласында жоғары кәсіби шеберлік пен адал еңбегі үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.