«Біз әдемі қала үшін»

08.11.2018

27қазанда Ақтөбе қаласының  саябақтары мен  гүл бақтарында  10 мыңнан астам аққайың, емен, жемісті шетен, алма ағашы, балқарағай және басқа да ағаш көшеттері егілді.
Жалпы қалалық сенбілікке қала тұрғындары,  студенттер, мектеп оқушылары және басқа да Қытай, Түркия, Германия, Словакия және Ресей компаниялары-инвесторларының  ұжымдары  қатысты.  Қаланы көркейту бойынша жұмыстардан біздің Компания қызметкерлері де шет қалған жоқ . Облыс Әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қызметкерлері қаланы көріктендіру  ісіне ат салысып,  «Достық» жанұялық саябағына көшеттер отырғызды.

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ қаржысына салынған  «Достық»  саябағының аумағында 15 түрінен  1 000 астам көшеттер  отырғызылды. «Достық» саябағы мұнай қызметкері күні қарсаңында қыркүйек айында ашылды. Күтімді, жайлы демалыс орнында   балалар және спорт алаңдары, футбол және баскетбол алаңдары,  қала тұрғындары демалатын күркелер орналасқан. Сенбілік күні саябақ  емен, жемісті шетен, алма ағашы, балқарағай ағаштарының жас көшеттерімен безендірілді.
—Ақтөбе күннен-күнге  көркейіп келеді. Елбасының тапсыруымен экологияны жақсарту мен қаланы көгалдандыру, ақтөбеліктердің дамуы үшін жайлы жағдай туғызу  мәселелеріне  басты назар аударылады.  Тек соңғы  3 жылдың ішінде  48 жаңа саябақтар мен гүл бақтары  ашылды- деп облыс әкімі өз сөзінде  атап өтті.