БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі Республикалық рационализаторлық ұсыныстар байқауын жариялайды

28.06.2013

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ «2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында» көрсетілген бағыттарды жүзеге асыру мақсатында «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ», Республикалық рационализаторлық ұсыныстардың байқауын жариялайды.

Аталған байқау халықтың инновациялық белсенділігін арттыру, инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау, экономиканың әртараптануындағы рационализаторлық қозғалыстың маңыздылығын, рационализаторлар мен олардың өндіріске енген шешімдерін таныту мақсатында жүзеге асып келеді. Тұңғыш рет байқаудың телевизиялық нұсқасы 2010 жылы «Хабар» телеарнасында, ал 2011 жылдан бастап «Қазақстан» ұлттық арнасында жарық көріп келеді.

2012 жылы байқаудың «Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы» номинациясы бойынша жүлделі 1 орынды Жетісай қаласындағы «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ғалымдары Ибадулла Үмбетаев пен Оразбек Биғараев иеленіп, 1,5 млн. теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды. Екінші және үшінші орындарды, тиісінше 1 млн және 750 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақыны «KSP steel» ЖШС қызметкері Вадим Савицкий (Павлодар қ.) және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» қызметкері Айгул Айтбайкызы (Атырау қ.) өзара бөлісті.

«Рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациясы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ жеңімпаз атанды.

2013 жылдың жалпы жүлде қоры 5 (бес) миллион теңге. 1 орын – 2,5 млн. теңге, 2 орын – 1,5 млн. теңге және 3 орын – 1 млн. теңге.

Биылғы жылы «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» байқауы тек шешімдері өндіріске енген рационализаторларды ғана емес, сонымен қатар, рационализаторлық шешімдерді қолдаушы кәсіпорындарды да кеңінен насихаттауды мақсат етіп отыр. Байқаудың телевизиялық нұсқасы «Жылдың үздік рационализаторлық ұсынысы» және «Рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» номинациясы бойынша жеңімпаздарының үздік мысалдарына құрылмақ.

Байқауға рационализаторлық ұсынысы елімізде өндіріске енгізілген жеке тұлғалар мен кәсіпорында рационализаторлық ұсыныстарды қолдаудың жүйесі бар заңды тұлғалар қатыса алады.

Өтініштер ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін қабылданады.

Байқау жайлы толық ақпаратты мына сайт: (http://natd.gov.kz/racionalizator/) немесе +7 7172 577 194, 8 771 999 33 03, 8 707-851-89-43 телефондары арқылы білуге болады.

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Баспасөз қызметі 
Тел: +7 (7172) 577-194, +7 771 999 33 03, +7 707-851-89-43
mailto: rac2013@inbox.ru 
http: www.natd.gov.kz