Бас директорлардың V-ші жыл сайынғы форумы.

03.07.2019

2019 жылғы 1 шілдеде  Нұр-Сұлтан қаласында  «Нөлдік көрсеткіштерге қол жеткізу » тақырыбында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ бас директорларының  V жыл сайынғы  форум өткізілді.  

Іс-шараның негізгі мақсаты – «ҚазМұнайГаз» компаниясы тобында еңбекті қорғау және қоршаған ортаның ағымдағы жағдайын бағалау  және қауіпсіздік мәдеиетін жетілдіру.

Форум жұмысында ҚМГ және еншілес, тәуелді ұйымдардың , бірқатар қазақстандық және шетел компанияларының басшылары қатысты. Бірінші рет Компания шешімдерін және проблемалық мәселелерді талқылау үшін мердігерлік ұйымдардың өкілдері шақыртылды.

Форумға қатысушыларға  ҚМГ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев алғы сөз айтты, өз сөзінде ол ой мәдениетін өзгерту қажеттілігіне тоқталып, барлық қызметкерлердің еңбек, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартылу қажеттілгі туралы айтты. Сонымен қатар, нөлдік көрсеткіштерге қол жеткізу компанияның серіктестері мен мердігерлері үшін бірінші орында тұрған мақсат болуы тиіс. Ағымдағы жылы олардың ОТОС нормаларын сақтауға ерекше бақылау орнату қажеттілігі жоспарлануда. 

 2018 жыл соңғы төрт жылда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау көрсеткіштері бойынша ең үздік жыл болғандығын атап өту қажет.   

Соңғы 3 жылда “Қазақойл Ақтөбе” ЖШС өндірістік жарақат нөлдік коэффициент  болып,  қауіпсіздік саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуде аянбай еңбек  етіп, өз үлесін қосақаны үшін техникалық қауіпсіздікті үздік өткендігі туралы Сертификат алды.